Лекция. Жағалық теңіздік процестер және бедер



бет1/3
Дата09.11.2022
өлшемі62,1 Kb.
#157329
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
10 лекция геоморф


  1. ші лекция. Жағалық теңіздік процестер және бедер пішіндері. Теңіз жағалаулық процестері мен бедер пішіндері.

Жаға - құрлық пен теңіздің шекарасы. Бұл шекара картада сызық арқылы көрінгенімен, шындығында құрлық пен теңіздің өзара қарым-қатынасы әрекетінен пайда болған жағалық белдем.
Жағалық белдем өз жағасынан, яғни оның суға дейінгі бөлігі және су түбіндегі жағалық беткейден құрылады. Жағалық белдемінің құрылуы алдымен теңіз толқындарының әрекетіне, ал толқын ағыстары тектоникалық қозғалыстар мен жағалық белдемнің геологиялық құрылысына, онымен бірге теңіз көтерілуі мен оның қайту құбылыстарына байланысты.
Жағалық белдемнің төменгі және жоғарғы шекаралары толқындардың жағамен динамикалық байланысу ықпалымен шектеледі. Оның төменгі шекарасы толқын ұзындығының жартысындай тереңдікте, немесе толқындардың деформация түзілген тереңдігінен басталады. Ал жоғары жағындағы шекара теңіздің көтерілу кезіндегі толқындардың шашырау сызығына жеткенге дейін белгіленеді. Теңіз жағасында теңіз толқынының шарпуы әрекетінен пайда болған үйінділердің жиынтығын жағажай (пляж) деп атайды. Су астындағы жағалық беткейлерге қарағанда жағажай көбінесе құмдардан, өңделген қиыршық тастардан және жәндіктердің қалдықтарынан құрылады.
Морфологиялық түріне қарай жағажайлар толық бейінді жағажай (пляж полного профиля) және толық бейінді емес жағажай (пляж неполного профиля) деп бөлінеді. Егер үйінді жиналатын жағаның алдыңғы жағында бос кеңістік болса бұны толық кескінді жағажай дейді. Мұндай жағажай теңізге қараған беткейі кең жайпақ, ал жағаға (құрлыққа) қараған беткейі керісінше, қысқа құламалы болып, жағалық белес (береговой вал) түрінде көрініс береді.
Егер жағажай кемердің етегінде қалыптасса, онда ол жантайған жағажай (прислоненный пляж) деп аталады.
Абразия. Абразия (лат. abrasio - қыру). Теңіздің қиратқыш әрекеті абразия деп аталады. Оның үш түрі бар - механикалық, химиялық және термиялық абразия.
Механикалық абразия соқпа толқын әсерінен теңіз, көл жағаларының бұзылып үгілуі. Оны толқынның шарпып-шегінуі тудырады. Теңіз толқыны жағаға жақындағанда жылдамдығы бәсеңдеп, биіктігі артады да жағаға асып кері шайма ағыс тудырғанда абразия әрекеті пайда болады. Механикалық абразияның жағалауға түсіретін динамикалық қысымы орта есеппен 10 т/м2 -ге асатын толқынның гидравликалық соққысы және толқын ықпалымен кейде ішінде салмағы ондаған тоннадан асатын шомбал кесек таужыныстары бөлшектерінің соққысынан тұрады. Механикалық абразия теңіз абразиясының негізгі түрі, осыған химиялық және термиялық абразиялар қабаттасып қатысады.
Химиялық абразия судың химиялық әсері, яғни су бетіндегі және су астындағы жағалық таужыныстарының еруі нәтижесінде жүзеге асады. Әсіресе жаға жиегі карбонатты таужыныстарынан құрылса, онда химиялық абразия (карст процестері) қарқынды түрде жүреді.
Термиялық абразия - тоң таужыныстарынан құрылған жағалардың мұзын теңіз суының жылындыруы әсерінен еріп бұзылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет