Гипоцентр – алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі.
Эпицентр – бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі. Жер сілкінісінің магнитудасы — сейсмикалық толқындар түрінде таралатын энергияны сипаттайтын шама. Ол арнайы шкаламен өлшенеді. Магнитуда шкаласын ғылымға алғаш енгізген американдық сейсмолог-ғалым Чарльз Рихтер болатын (1935 ж.).
Рихтер шкаласы шартты түрде 1 - 9,5 аралығында жатқан бірліктерден тұрады, жер сілкінісінің қарқындылығы болса, 12 баллдық жүйе бойынша бағаланады. Ол жер асты дүмпулерінің жер бетінде сезілу күшімен анықталады.