Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер


Балл Жер сілкінісінің аталуы



бет63/119
Дата01.04.2022
өлшемі3,41 Mb.
#137572
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   119
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1

Балл

Жер сілкінісінің аталуы

Қысқаша сипаттамасы

1

Жер сілкінісі сезілмейді.

Тербелістің үдемелілігі адамдардың сезіну денгейінен төмен болады, жер қабатындағы сілкіністі тек сейсмографтар байқап тіркейді.

2

Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі.

Тербелісті ғимараттың ішіндегі тыныштықта, әсіресе жоғарғы қабаттарда болатын жекелеген адамдап ғана сезеді.

3

Әлсіз жер сілкінісі.

Үй ішінде болған адамдардың 50% шамасында, ашық жерлердегі адамдардың кейбіреулері ғана жер сілкінісін сезеді.

4

Елеулі жер сілкінісі.

Ғимараттардың ішіндегі көп адамдар сезеді, ал ашық жерлерде аз ғана адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандардың кейбіреуі оянып кетеді, бірақ оларды қорқыныш сезімі билемейді. Теңселу сезіледі,ол жүріп бара жатқан айыр жүк машинасы тудырған солқылдауға ұқсас болады.Терезе, есік,ыдыстар сылдырлайды. Еден мен қабырғалар шықырлайды.Мебельдер дірілдейді.Ілулі заттар жеңіл түрде тербеледі.Тұрған автомашиналар да серпіліс сезіледі.

5

Біршама күшті жер сілкінісі

Жер сілкінісін ғимараттың ішіндегі барлық адамдар, ашық далада көптеген адамдар сезеді.Ұйықтап жатқандар тегіс оянады.Кейбіреулері ғимараттан жүгіріп шығады, жануарлар тынышсыздана бастайды.Ілулі тұрған заттар қатты шайқалады.Кейбір қатты бекітіліп ілінген заттардың өзі құлап түседі,орнынан жылжиды, ыдыстардағы судың бір бөлігі шайқалып төгіледі, кей жағдайларда су көздерінің көлемінде өзгерістер болады.

6

Күшті жер сілкінісі

Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді. Көп адамдар қорқып көшеге жүгіріп шығады.Үй жануарлары да қора-қопсыдан шығып кетеді.Тербеліс жүруге кедергі келтіреді. Ғимарат қозғалысқа ұшырап, босаңсиды. Полкалар, сөрелердегі заттар құлайды.Ыдыстар құлап, сына бастайды. Ауыр заттардың өз орнынан қозғалуы мүмкін.Әк, сылақтар түсе бастайды, сылақтарда ұсақ-жарық сызаттар пайда болады. Құдықтардағы су деңгейі мен су көздерінің көлемінде өзгерістер байқалады.

7

Өте күшті жер сілкінісі

Ғимараттар зақымданады. Көптеген адамдардың бойын үрей қорқыныш билеп-үй жайлардан жүгіріп шығады, кейбір адамдар үшін аяқпен тұру қиындайды. Көптеген темір бетонды, каркасты ғимараттарда жеңіл зақымдану болады. Ірі блокты ғимарратар мен кірпіштен салынған үйлердің қабырғаларында шамалы жарық-сызаттар пайда болып, түтін тартатын трубалардың бір бөліктері құлай бастайды.кейбір реттерде тіке баурайлардағы жолдардың өтетін бөліктеріндегі құмды жағалауларда құлау, көшкін, ал жолдағы тастарда жарықтар пайда болады, су лайланып, бетінде толқын пайда болады. Су көздері мен құдықтағы сулар деңгейі өзгеріске ұшырайды.

8

Қатты зақымдайтын жер сілкінісі

Ғимараттар қатты зақымданады. Қорқыныш пен үрей билейді. Кейбір жерлерде ағаш бұтақтары сына бастайды. Ауыр жиһаздар жылжып, кейде құлайды. Саманнан және саз балшықтан тұрғызылған көптеген үй-жайлар мен қора-қопсылар қирайды. Кірпіш үйлердің көпшілігінде түтін тартатын трубалар құлап, қабырғаларда саңылаулар пайда болады. Ғимараттардың кез-келгенінде зақымдану, кейде аралық бөліктердің кейбіреулерінде қирап-бүліну байқалады. Трубалардың жалғастырлған жерлері ажырайды. Ескерткіштер жылжып қозғалады, құлпытас белгілер, тас дуалдар, қоршаулар құлайды.Көп жағдайда құдықтағы және су көздеріндегі су көлемі үлкен өзгеріске ұшырайды. Ойпандардың тіке баурайлары мен жолдардың үйінді баурайларында шамалы шөгінділер құралады, жердегі сызат-жарықтар бірнеше см-ге жетеді.

9

Жаппай зақымдайтын жер сілкінісі

Ғимараттардың жаппай зақымдануы. Жаппай үрей,адамдардың көпшілігі аяғымен тұра алмай,құлайды. Жануарлар азан-қазан, сергелдеңге түседі. Кірпіш және ірі блокты үйлердің көпшілігінің қабырғалары ойылады, ішкі қабырғалары құлайды, ғимарратардың жеке бөліктері бүлініп қирайды. Ағаштан салынған, темір бетонды және паенльді ғимараттарды түтін тартатын трубалар құлайды. Жалғанған трубалар ажырап кетеді, темір жол рельстері майысады. Сонымен бірге 10 см-ге жететіндей жарықтар пайда болады. Құздар құлап,көшкін жиіленеді.тегістік жерлерде – су басып кету, құм мен ылайдың салындылары жиі байқалады. Су бетінде үлкен толқындар пайда болады.

10

Қиратып-бүлдіретін жер сілкінісі.

Көптеген панельді, темір бетонды және ағаштан салынған ғимараттардың жеке бөліктері қирап құлайды.Көпір, бөгеттер едәуір зақымдалады.Темір жол рельстері мен жер астындағы трубалар майысып, ажырап кетеді.Жер бетінде 1 м-ге дейін жарық пайда болады.Өзен жағалауларында үлкен шөнінділер пайда болады.Көлдер мен каналдардағы су шайқалып төгіледі.Жаңадан көлдер пайда болуы мүмкін.

11

Апат.

Барлық ғимараттар, темір жол және автомобиль жолдарының көпірлері, жер асты трубалары, тас жолдар қирап, бүлінеді.Жер бетінің тіке жарылуы және ажырауы, кең жарық саңылау түрінде елеулі өзгеріске ұшырайды.Таулар қайта-қайта опырылп құлайды.

12

Жер бедерінің өзгеруі.

Жер бетіндегі және жер астындағы барлық құрылыстар іс жүзінде күшті бүлінеді немесе қирайды. Жаңа көлдер пайда болып, өзендер бағытын, саласын өзгертеді.Үлкен аймақтарда таулар құлап-қирайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет