Көшкін түскеннен кейін не істеу керек Егер сіз көшкіннің түскен орнынан тыс жерде болсаңыз, болған оқиға туралы қалай да болсын жақын жердегі елді мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыз да, адамдарды іздеуге, құтқаруға кірісіңіз. Қардың астынан шыққан соң өзіңіз немесе құтқарушылардың көмегімен денеңізді қарап шығыңыз және қажет болса өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Жақын елді мекенге жеткеннен кейін, жергілікті әкімшілікке болған жағдай туралы хабарлаңыз. Деніңіз сау деп ойлап тұрсаңыз да медпунктке немесе дәрігерге барыңыз. Ары қа арай дәрігердің немесе құтқару жасағының нұсқауы бойынша жасаңыз. Туған туысқандарыңызға жағдайыңыз бен қайда екеніңізді хабарлаңыз.