Дәріс 10 Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері, құру және жұмыс істеу принциптері. Төтенше жағдайларда экономика нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы. Азаматтық қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ. Заңда Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді: мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым саладарының бірі болып табылады.
Заңда төтенше жағдайға, дүлей зілзалаға, аварияға анықтама берілген; ұйымдардың міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқықтары мен міндеттері белгіленген; жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдардың өкілеттіктері ерекше көрсетілген; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік анықталған.
Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды.
Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылу және істеу қағидасын, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады.
Халық пен шаруашылық объектілерін қорғау АҚ-ның бірінші кезектегі міндеті және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі залалды азайту мақсатында халықтың іс-әрекеттері мен шаруашылық объектілерін және аумақты өз уақытында дайындаудың тиімді әдістерін ғылыми түрде анықтау негізінде жүргізіледі.
АҚ-ны ұйымдастыру қағидалары мен тәртіптері. Азаматтық қорғаныс республиканың бүкіл аумағында аумақтық-өндірістік қағида бойынша ұйымдастырылады. АҚ шараларын орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары жүргізеді.
АҚ-ға даярлық пен өткізу жөніндегі шараларды жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімін ҚР Үкіметі анықтайды.
АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу мақсатында маңыздылық деңгейін ескере отырып, ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу жүргізіледі.
АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі.
АҚ тың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты экономиканы, республика аумағы осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зіл заладан, ірі авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттік шараларының құрамдас бөлігі болып табылады.
Азаматтық қорғаныстың рөлі мен орны елдің геосаяси жағдайын, шектес мемлекеттермен және алып державалармен даму деңгейін, әскери доктрина мен әскери іс саласындағы мемлекеттік саясатын анықтайда.
Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда халықтың тіршілігін қамтамасыз етутегі негізгі міндеттері “Азаматтық қорғаныс туралы”Қазақстан Республикасының Заңында анықталған.
Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, меншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады. Заңда мынандай бөлімдер қамтылған.
1 бөлімде жалпы ережелер, заңға түсініктер беріледі.
2-бөлім. Азаматтық қорғаныс.
4-тарау. Азаматтық қорғанысқа басшылық және оның іс-шаралары3-бөлім. Уәкілетті органның авиациясы, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары
4 бөлімде төтенше жағдайлардың алдын алу қарастырылса, ал оның 7-тарауында азаматтық қорғау саласындағы бақылау және қадағалауді негізге алған.
5 бөлімде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою
6 бөлімде өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
7 бөлімде мемлекеттік резерв
8 бөлімде азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлерінің мәртебесі, оларды және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау.