Дәріс 11 Медициналық-биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жұқпалы аурулардың алдын-алу. Биологиялық қауіптер дегеніміз – дені сау адамға, жануарларға немесе өсімдіктерге тікелей (жұғу) немесе тікелей емес (қ-о бүлінуі арқылы) потенциалды түрде қауіп төндіруі мүмкін инфекциялық агенттер. (Жұқпалы аурулар, улы өсімдіктер, жануарлар немесе жәндіктердің шағуы, т.б.) Ауру қоздырғыштарына тән ерекшеліктер:
Адамның ауру қозд-штарына қарсы тұратын табиғи қорғаныш жүйелері: а) тері қабаты – табиғи барьер; б) мұрынның ішкі қабатындағы түк – ағзаның ауа фильтрі; в) сілекей, көз жасы – лизоцим атты бактерицидтік фермент бөле отырып, иммунитетті нығайтады; г) асқазан – сөлінің рН<7 б-тан (HCl ер-дісі),оған түскен бактериялар өмір сүре алмайды. д) лейкоциттер – қанның ақ түсті түйіршіктері – ішек жолына түсуі мүмкін зиянды бактерияларды жояды; е) ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕ «иммунитет» (лат. «immunitas» - «бостандыққа шығу», «құтылу») – ағзаның қорғаныш реакциясы; қандай да сырттан әсер етуші залалды агенттердің әсерлеріне қарсы тұруға қабілеттілігі. иммундық жүйенің мақсаты – ағзаға түскен жат агенттердің (ауру тудырушы микроағзалар, улы заттар т.б.) көзін жою.
Адам ағзасына ауру қозд-штарының түсу жолдары: Құрамында қозд-ш жасушалары бар ауамен тыныс алу;
Шырышты қабат немесе жарақаттанған тері арқылы;
Сапасыз су немесе тағам арқылы(сақтау мерзімі өткен, дұрыс даярланбаған т.б.);
Жәндітердің шағуы немесе кенелер арқылы;
Ауру адаммен қарым-қатынаста болу, оның жеке заттарын қолдану арқылы;
Бактериялар – өсімдік тектес, әдетте, 1 жасушалы болып келетін өте ұсақ микроағзалар.
Қолайлы жағдайларда әрбір 20-30 мин. сайын бөліну арқылы көбейе алады. Күн сәулесі, дезинфекциялаушы з-р, қайнату арқ. Жойылып кетулері де жеңіл. Кейбір түрлері спроаға айналып, өлтіру қиынға соғады. Төмен температураларға төзімді. (оба, холера, бруцеллез сынды ауру қозд-штары.) Вирустар – өлшемдері б-ша бакт-рдан 1000 есе кіші микроағзалар.
Тірі ұлпаларда ғана көбейе алады. 100С-қа дейін төзімді б.к. (безек, сүзек ауруларын тудырады). Риккетсиялар –өлшемдері мен пішіндері жағынан бакт-рға ұқсас, бірақ олар тек өздері зақымдаған дене мүшелерініңұлпаларында ғана тіршілік етіп, дами алады.
7>