Эконометрика


Жалпы регрессиялық моделдер



бет22/56
Дата08.02.2022
өлшемі3,29 Mb.
#98039
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Байланысты:
7 ismagulova n.m. berguzinova t.m. ekonometrika

Жалпы регрессиялық моделдер. Регрессиялық модель жалпы түрде былай жазылады:



- кездейсоқ фактор.
Моделде кездейсоқ фактор болу себептері:
1) Моделге барлық түсіндіруші айнымалылардың кірмеуі.
Кез келген регрессиялық модель нақты жағдайдың жеңілдетілген түрі болып табылады.
Мысалы, тауарға сұраныс, тауардың бағасы, осы тауарды алмастырушы тауардың бағасы, осы тауарды толықтырушы тауардың бағасы, тұтынушының кірісі, тұтынушылар саны, тұтынушылар талғамы, тағы сол сияқты факторлар.
Бұл мысалда салт дәстұр, ұлттық және діни ерекшеліктері, географикалық орыны, ауа райы және көптеген факторлар есептелмейді, яғни

2) Моделдің функционалдық түрін дұрыс таңдай алмау, зерттелініп отырған процесті дұрыс білмеу немесе оның жиі өзгеруіне байланысты моделдеу функциясын дұрыс таңдай алмау.


3) Айнымалылардың күрделілігі. Көптеген моделдерде әрбір айнымалы күрделі бірнеше жай айнымалыларға тәуелді.
4) Өлшеу қателері. Модель қаншалықты сапалы болса да эмпирикалық мәліметтерге сәйкес келмейтін өлшеу қателері кездеседі.
5) Статистикалық мәліметтердің шектеулігі. Көбіне модель үздіксіз функция арқылы құрылады, ол үшін дискретті құрылымдағы мәліметтер қолданылады. Осындай айқыштық ауытқуына әсер етеді.
6) Адам факторын алдын-ала білмеу. Модель сапалы құрылса да, адам баласының ерекшеліктерін болжау мүмкін емес.
Зерттеу мақсатына және эмпирикалық мәліметтерге сәйкес сапалы регрессиялық модель құру күрделі және көп сатылы процесс. Оны үш сатыға бөлуге болады:
1) регрессия теңдеуінің түрін таңдау;
2) регрессия теңдеуінің параметрлерін анықтау;
3) регрессия теңдеудің сапалылығын талдау және моделдің эмпирикалық теңдеулеріне адекват екенін тексеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет