6.2 Мультиколлинеарлықты жою
Егер моделдің негізгі міндеті моделдегі тәуелді айнымалының мәндерін болжау болса, онда детерминация коэффициенті жоғары болған жағдайда мультиколлинеарлық бар болуы моделдің болжамдық сапасына әсер етпейді. Кез келген жағдайда мультиколлинеарлықты жоюдың нақты бір әдісі жоқ. Мультиколлинеарлықты жоюдың әдістері:
1) моделдегі бір немесе бірнеше айнымалыны жою;
2) қосымша мәліметтер алу немесе жаңа таңдама алу;
3) моделдің спецификациясын өзгерту;
4) кейбір параметрлер туралы алдын – ала белгілі ақпараттарды пайдалану;
5) айнымалыларды түрлендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |