«Экономика» ұғымы


Әкімшілік-командалық жүйедегі



бет10/15
Дата19.02.2023
өлшемі47,39 Kb.
#169323
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Экономика және экономикалық жүйелердің типтері

Әкімшілік-командалық жүйедегі елдерде жалпы экономикалық мәселелерді шешудің өзіне тән ерешеліктері бар. Үстем болып отырған идеогиялық ұстанымдарға сай өнімнің көлемі мен құрылымын анықтау міндеті оның шешімдерін тікелей өндірушілерге, колхоздар беру үшін өте жауапкершілікті және салмақты болып есептелген. Сондықтан қоғамдық қажеттіліктер құрылымы тікелей орталық жоспарлау органдарымен анықталған.
Материалдық игіліктерді, еңбек және қаржы ресурстарын орталықтан бөлу тікелей өндірушілер мен тұтынушылардың қатысуынсыз «қоғамдық» алдын ала таңдап алынған мақсаттар мен белгілер арқылы орталықтандырылған жоспарлау негізінде жүзеге асады. Ресурстардың қомақты бөлігі үстемдік құрып отырған идеологиялық ұстанымдарға байланысты әскери өнеркәсіп кешенінің дамуына беріледі.
Өндіруге қатысқандар арасында шығарылған өнімді бөлу тарифтік жүйені қолдана отырып, сондай-ақ жалақы ресурсына жіберілетін орталықтан бекітілген нормативті құралдар орталық органдар арқылы қатаң реттеліп отырған. Бұл еңбекке ақы төлеу де теңгерушіліктің басымдылығына алып келеді.
Бұл жүйенің өміршең еместігі, ҒТР жетістіктерін енгізуге қатысты оның енжарлығы және икемсіздігі, экономикалық дамудың интенсивті түріне өтуді қамтамасыз етуге қабілетсіздігі барлық бұрынғы социалистік елдердегі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың болуына себеп болды. Бүгінгі күні бұл елдердегі экономикалық реформалар стратегиясы әлемдік өркениет дамуы бағытымен анықталса да, әр мемлекеттің ішкі мүмкіншіліктеріне толығымен тәуелді.


Экономиканың аралас түрі
Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) – экономикалық теорияны зерттеген ағылшын зерттеуші. Ол ХХ ғ. 30 жылдарына қарай, мемлекеттік тапсырыстарды жеке коммерциялық кәсіпорындарға беру нәтижелері мен шарттарын бір жүйеге келтіріп, аралас экономиканың теориялық негізін жасаған.
ХХ ғ. 60 жылдарында американдық экономист Пол Энтони Самуэльсон Д.Кейнстің еңбектеріне сүйене отырып, өзінің теориялық зерттеулерінде «аралас экономика» ұғымын енгізді.
Аралас (гибридті) экономика:

Бұл нарық әлеміндегі барлық қатысушыларға тең құқылы мүмкіндік береді.
Екінші дүниежүзілік соғысы аяқталаған соң, батыс герман экономисі Людвинг Эрхард, ГФР экономика министрі қызметінде болғанда, әлеуметтік-нарықтық шаруашылық құруда табысқа жету үшін аралас (гибридтік) экономика теориясын пайдаланды.
Аралас (гибридті) экономика – мемлекеттік және жеке коммерцияның еркін және теңқұқықты болуын сипаттайтын экономикалық жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет