5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:1. Менеджменттің жалпы қызметтері.
2. Менеджменттің нақты қызметтері.
3. Стратегиялық , индикативтік және бизнес жоспар.
6. Пайдаланатын әдебиеттер:1,2,4,5,6,7,9,12,14,15,16 1.Тақырып Ұйымдастыру – менеджменттің функциясы ретінде. 2. Қарастырылатын сұрақтар:1. Ұйымдастыру функциясы.
2. Билік –негізгі түрлері.
3. Басқару құрылымы.
4. Дәрістің мақсаты:Тақырыпты жан-жақты қарастырып , ақпарат беру.
5. Дәріс мазмұны:
1.Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрлымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Өкілеттілік – мақсатқа жету кәсіпорынның ресурстарын шектеулі қолдануға құқық береді.
Делегирлеу - өкілеттілік басшыны қарамағындағы бағынушылардың еркін іс-әрекетке бөлісу процесі. Істі шешерде өз өкілеттіктерін немесе басқа да өкілеттіктерді беруі.
Билік – бұл біреуге немесе бір заттарға иелік ету мүмкіндігі немесе қабілеті, тағдырға шешуші әсер ететін, құқы жайында немесе адамдардың іс-әрекетіне әртүрлі құралдардың түрімен мәжбүр етуі, беделі, құқы, еркі – ықпал жасауы.
Басқару құрлымы – басқару органдары мен жеке қызметкерлерінің жиыны, олардың горизонтальді, вертикальді байланыстары және белгілі тәртіптегі бір-біріне бағыныштылығы.
Басқару сатысының артында буындардың жиынтығы әрекет етеді, яғни ол басқару иерархиясының анықталған деңгейінде болады.
Басқару буыны – бұл жиынтық және жеке қызметтерді орныдайтын жеке құрлымдық бөлім (бөлімше).
Басқару құрылымына келесі 3 фактор әсер етеді:
Басқару объектісіне қарым-қатынас арқылы әсер етуі;