Портфельдік жоспарлау принциптеріне даму себептерінің бірі, ХХ ғасырдың 60-шы жылдардағы американ компанияларының әртараптандыру үрдісі (диверсификация) негіз болды.
Портфельдік талдау түсінігі қаржы теорияларынан алынған құнды қағаздарды басқару мәселесі және компаниялардағы диверсификациялық шектеулі ресурстарды бөлініске салу проблемасына ұқсас келеді. Портфельдік жоспарлау концепциясы 60-шы жылдардың аяғында Бостон Кеңес беру тобы тарапынан ұсынылған болатын. Бастапқы идея, шаруашылық байланысты екі жақты кеңестікте көрсетуге ұмтылады: оның бірі – сыртқы фактор болса, ал екіншісі компания мінездемесіне сипаттама беретін ішкі факторлар болып табылады (1-кесте).