«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет7/58
Дата06.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#173923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Байланысты:
ЭК-лекция

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:
1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады
2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.
3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.



    1. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

Қоғамның тіршілік етуі үшін өндіріс процесі қажет. Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері өндіріс процесінде қолданылады. Ресурстар – бұл материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдалануы мүмкін т.рлі өндіріс элементтерінің жиынтығы. Оның мынандай түрлері бар:
1) табиғи ресурстар- адамдардың күнкөріс көзі ретінде пайдалынылатын табиғат элементтері;
2) материалдық ресурстар- өндіріс процесінде өңдеуге, қайта өңдеуге арналған элементтердің кешені;
3) еңбек ресурстары- халықтың еңбекке жарамды бөлігі;
4) қаржы ресурстары- шаруашылық жүргіуші субьектілер мен мемлекет жасақтайтын ақшалай кіріс.
Игіліктерді өндіру кезінде өндіріске мынандай факторлар әсер етеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік.

Өндіріске әсер ететін факторлары


Кәсіпкерлік қабілеттілік-іскерлігі

Капитал- қаржы ресурстары

Еңбек- еңбек ресурстары

Жер-табиғи ресурстар

Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік жер, ормандар қосылады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы — капитал жатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары. т.б. Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.
Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, төжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) кобейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр.
Кәсіпкерлік іс-әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді.
Кәсіпкерлік қабілет — адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер мен қызметтерді жасауға қолданылатын, өндірістің барлық факторларының бір бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: олар қауіп-қатерлікке, шығынға үшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне, коммерциялық негізге сүйене отырып, өндірілетін онімнің жаңа түрін, алдыңғы қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара-пар келеді.
Олар әрекеттерін бір-бірімен байланысып және бірін-бірі толықтыра отырып атқарады.
Тандаудың қажетті әсері мен баламалы шығын өндірістік мүмкіндіктердің қисығының көмегімен көрсетіледі. Өндірістік мүмкіндіктердің қисығы экономикалық ресурстарды толық пайдалану кезіндегі екі өнімді шығарудың ең жоғары көлемін көрсететін әр нүктенің сызығын анықтайды. Мысалы, ел бар ресурстармен белгілі бір тауарлар (Х және У) санын шығаруы мүмкін. Елдің өндірістік мүмкіндіктерінің қисығы келесі түрге ие:

2.1 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы.

А – барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар В -Х тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар
С және Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану
Е – ресурстарды толық пайдаланбау
Д – осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс

Түзу сызықтың әр нүктесі ху осы елдегі экономикалық ресурстарды толық пайдалану кезіндегі тауарларды А және В өндірудің ең үлкен көлемін көрсетеді.
Өндірістің мүмкіндігі туралы ақпараттарға ие бола отырып, яғни шектеулі ресурстар жағдайында таңдау мәселесі туындайды, ол үшін қоғам немесе нақты өндіруші үш сұраққа жауап беруі тиісті:

  • Қандай тауарлар мен қызметтер және қанша көлемде шығару қажет?

  • Бұл тауарлар мен қызметтерді қалай өндіру қажет?

  • Бұл тауарларды кім сатып алады және бұл тауарлар мен қызметтерді қалай пайдаланады? Яғни, бұларды кім үшін шығару қажет?






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет