«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы
Шымкент, 2023
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған дәріс жинағы
Шымкент,2023
ОБЖ 378(075.8): 330
БҚИ 65.01 я 73
Темирова Ж.Ж., «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы.- Шымкент: ОҚМПУ, 2023.-100 беттер саны.
«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған дәріс жинағы педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру стандарттары талабымен сәйкес және кредиттік білім беру жүйесіне сай педагогикалық дайындық бағыты үшін жасалған оқу бағдарлама негізінде құрылған.
№1Тақырып Экономика негіздері және зерттеу тәсілдері
Дәріс 1. Кiрiспе дәріс.
Экономикалық ғылымның пайда болуы және дамуының негізгі кезеңдері. Экономика негіздері пәні.
Экономиканы ғылыми танудың әдістері мен құралдары. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.
Экономикалық категориялар мен заңдар.
Дәрістің мақсаты: экономика ғылымның пайда болуы, экономика ғылымның даму кезеңдерін меңгеру, экономика негіздері пәнін, әдістері мен құралдарын, экономика негіздерінің атқаратын қызметтерін білу, экономикалық категориялар мен заңдар мәнін анықтау.
Негізгі ұғымдар: Экономика негіздері, микроэкономика, макроэкономика, саяси экономика, меркантилизм, физиократтар, марксизм,маржинализм,индукция, дедукция,ғылыми абстракция,экономика,экономикалық категория, экономикалық заңдар,позитивті экономика, нормативті экономика.
1.1 Экономикалық ғылымның пайда болуы және дамуының негізгі кезеңдері. Экономика негіздері пәні.
Экономика негіздері адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын алады. Себебі адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндіруі қажет. Басқаша айтқанда өмірге қажетті азық-түлік, киім, тұрғын үй, отын, т.с.с. тұтынуға жарамды заттар өндірілуі керек.
Қоғамның өндіргіш күштері даму барысында алдымен адамдардың еңбекке қабілеттері өсуіне байланысты алғашқы қауымның өзінде қосымша өнім пайда болуына сәйкес тайпалар арасында тікелей өнім айырбасы, кейіннен ақша арқылы айырбас жүргізіліп экономикада тауар-ақша немесе нарық қатынасы пайда болды. Бұл нарықтық, тауар-ақша қатынастарының тарихы кем дегенде 5-7 мың жыл бұрын болғаны белгілі. Мәселен экономика жөнінде алғашқы ғылыми мәліметтер ерте заманғы Вавилония, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.
Біздің дәуірден бұрын 430-355 ж.ж. өмір сүрген Ксенофонт «Экономикс» (грек тілінде «шаруашылық туралы заң» деген ұғым береді) атты еңбегінде сол заманғы құл иеленуші үй шаруашылығын басқару жөнінде нұсқаулар жазылған. Жаңа дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты сол грек сөзі «Ойкономия» - «шаруашылық және басқару» сөзінен алынып, француз экономисті Антуан Монкретьеннің «Политэкономия трактаты» деген еңбегі арқылы бекіді. Сонымен ХҮІІ ғасырдан қазіргі уақытқа шейін «политэкономия» деген ғылым қалыптасты.
Экономика негіздерінің қоғам дамуындағы рөлі ерекше. Экономика негіздері ғылым ретінде қалыптасуы мен оның даму кезеңдері тарихи бірнеше бағыттарды қамтиды (кесте 1).
«Экономика» ұғымы ежелгі грек сөзінен («ойкос» - үй, үй шаруашылығы, «номос» - заң, заңдылық) аударғанда үй шаруашылы-ғын жүргізу және басқару заңдылықтары дегенді білдіреді.
Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырда экономикалық ойлар ғылым ретінде қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша қатынастары,рынок дамымады. Экономикалық білім алғашында жалпы ғылымның бөлек элементтері ретінде қалыптасты. Экономика ғылымы өз бетімен дамуы ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |