Қордабаев. Мұныңыз өте дұрыс. Бұрынғы әкім...
Әкім. Мен сізге айттым ғой, бұрынғы әкім туралы ештеңе айтпаңыз, деп. Жақ ашпаңыз.
Қордабаев. Мақұл.
Аппарат жетекшісі мойны салбырап, шығып бара жатады.
Есіктен сау етіп аудан әкімдері кіреді.
Жапа-тармағай жалпылдап амандасады.
– Сәлеметсіз бе, Қасқабай Төреқұлович!
– Қасқабай Төреқұлович, ассалаумағалейкум!
Әкімдердің біреуі.Қасқабай Төреқұлович, мен – әкімдердің президентімін. Мына жігіттер мені алға салып келіп отыр. Туған күніңіз құтты болсын! (Қолындағы пакетті стол үстіне қояды). Мынау – аудан әкімдерінің Сіздің туған күніңізге арнаған сыйлығы.