Алматы «Раритет» 2012 УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-44
Қ25
Қалдыбаев Ә. Қ25 Таңдамалы шығармалар/Әлдихан Қалдыбаев. - Алматы:
Раритет, 2012 - 320 б.
Т. 4: Драмалық шығармалар. Тәмсілдер. - 320 б.
ІSВN 978-601-250-179-7
Белгілі балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаев әдебиеттің барлық жанрында жақсы жазады. Бұл айтқанымыздың айқын көрінісі – Әлдиханның осы томға енгізіліп отырған пьесалары, тәмсілдері. Осындағы пьесалардың дені еліміз театрларының сахналарында, қазақ телевизиясында қойылған. Оның пьесасы бойынша Жамбыл облыстық драма театры қойған «Шаншар атай» спектаклі 1980 жылы Бүкілодақтық байқаудың бас жүлдесіне ие болған. Тәмсілдер Әлдиханның сөз зергері ғана емес, өмір-өзенді, қоғамдық құрылыс үрдістерін жетік білетін ерекше талант екендігін көрсетеді. Олардан оқырман көп ой түйіп, өзі де ойланып сергіп, білім-білігі өсіп, рақат сезімге бөленеді. Жазушы-драматургтілге шешен, жазуға жүйрік. Шығармаларының барлығы бір деммен оқылады.