Әлдихан Қалдыбаев


Тантай. Жоқ! Сол көкең мына мен боламын. Көбен



бет278/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   340
Тантай. Жоқ! Сол көкең мына мен боламын.
Көбен. Арманыңа жет, Тантай аға. Ақбөпенің қолы тәніңді, әні жаныңды қытықтап отыратын күнді көре алар ма екенбіз, жоқ, көре алмаймыз ба?
Тантай (шарт кетіп). Көресің! Көрсетемін!
Көбен (қуланып). Қайдам? Ақбөпе тым асау сияқты.
Тантай. Қыз күнінде асау болса, қатын болғанда тез жуасиды.
Көбен (көнген болып). Лайым солай болғай!
Тантай. Болады. Осыдан таң атсын. «Қызыңды осы бүгін ұзат!» деп қиғылық саламын қыпшақтарға.
Көбен (басу айтқан болып, шындығында, дем беріп). Қойыңыз, Тәке! Ата жолынан аттауға болмайды. Бұл келісіңізді ұрын келу, дейді. Ендігіде ашық келесіз, барлық әңгіме сонда болады. Қызды ұзату жағы сонда шешіледі.
Тантай. Бізге, болыстың үрім-бұтағына ырым-сырым жүрмейді. Біз қадалған жерден қан аламыз. Ата жолы деп ауызды аңқайтып отыру неге керек? Мен енді Ақбөпені қатын қылып алмай ауылға қайтпаймын. (Ашуланып). Тіл мен жағыңа сүйенбей, тұр орныңнан, атыңа мін де жөнел. Барып, әкеме осы ұйғарымымды жеткіз!
Көбен (дереу сасып-салбырап). Апырау, қалай болар екен? Ноқаң: «Не көкіп тұрсың», - деп қамшымен қақ басымнан салса, қайтемін?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет