Эндокринология


Салыстырмалы диагностикасы



бет316/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   435
Байланысты:
document

Салыстырмалы диагностикасы
Естен тануға әкелетін басқа да себептермен. Егер ҚД-мен сырқаттанған науқастың естен тану себебі белгісіз болып, гликемия деңгейін экспресс-талдау арқылы анықтау мүмкін болмаса, науқасқа глюкоза енгізу тағайындалады. Кейде, ҚД-мен сырқаттанған науқастарда жиі гипогликемияның туындау себебін анықтау керек болады. Жиі бұл адекватты емес қант деңгейін түсіретін препараттарды қабылдаудан немесе өз сырқаты жөнінде науқас білімінің таяздығынан дамиды. Қант деңгейін түсіретін терапияға қажеттілікті төмендетуден, тіпті оны толығымен тоқтатуға әкелетін («жоғалған ҚД») бірқатар аурулардың бар екенін естен шығармаған дұрыс: бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі, гипотиреоз, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, қатерлі ісіктер.


Емі
Жеңіл гипогликемияны емдеу үшін науқас өзі құрамында 1–2 нан бірлігі бар көмірсуды (10–20 г глюкоза) қабылдаса жеткілікті. Осындай глюкоза мөлшері 200 мл тәтті жеміс шырындарында да бар. Шырындар гипогликемияны тез басады, себебі сұйық күйде глюкоза тезірек сіңеді. Егер көмірсуларды қабылдауға қарамастан симптоматика өршей берсе, глюкозаны көктамырға, ал глюкагонды бұлшықетке енгізу қажет. Естен танумен сипатталатын ауыр гликемияда осылай емделеді. Бұл кезде науқасқа көктамыр ішіне шамамен 50 мл 40 % ерітіндісін салады. Глюкоза енгізуді ұстама басылып, гликемия деңгейі қалыптасқанға дейін жалғастырады, әдетте оның мөлшері көп жағдайда 100 мл-ден аспайды. Глюкагон (зауыттан шприцке толы дайын күйінде шығарылады) бұлшықетке немесе тері астына енгізіледі. Оны енгізгеннен бірнеше минуттан кейін, глюкагонның гликогенолизді қалыптастыруын индукциялау қасиетіне байланысты гликемия деңгейі қалпына келеді. Бірақ, инсулин деңгейі қанда өте жоғары болғанда, глюкагон әсерсіз. Глюкагонның ағзадан жартылай шығару уақыты инсулинмен салыстырғанда қысқа. Алкоголизм және бауыр аурулары кезінде гликоген синтезі бұзылады, сондықтан глюкагонды енгізу әсерсіз болуы мүмкін. Глюкагон енгізудің жанама әсері аспирация қаупін жоғарылататын құсу болуы мүмкін. Науқастардың жақындары да глюкагон енгізу техникасын меңгергені дұрыс.


Болжамы
Арнайы оқытылған науқастарда сырқаттың жақсы компенсациясы көрінісінде жеңіл гипогликемияның көрініс беруі қауіпсіз. Жиі дамитын гипогликемия ҚД нашар компенсациясының айғағы; мұндай науқастарда тәуліктің басқа уақыттарынада айқын гипергликемия мен гликирленген гемоглобиннің жоғары мөлшеі анықталады. ҚД кеш асқынулары егде науқастарда миокард инфаркті, инсульт, қасаң қабыққа қан құйылу секілді қантамырлық асқынуларды үстемелеуі мүмкін. Адекватты емдеу барысында есі тез қайта орнына келген, ұзақтығы 30 мин созылған гипогликемия ешқандай асқынулар мен қалдықты көріністерге ие болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет