Алкогольді қабылдау нәтижесінде бауырда глюконеогенез тежеледі, бұл гипогликемияға әкелетін басты түрткі болып табылады. Физикалық жүктемелер глюкозаның инсулинге тәуелсіз утилизациясына әкеледі, нәтижесінде қант деңгейін төмендететін терапия барысында және/немесе қосымша көмірсуларды қабылдамағанда гипогликемияға әкелетін себепке айналады.
Эпидемиологиясы ҚД-1-мен сырқаттанған, қарқынды инсулинотерапияны қабылдайтын науқастарда жеңіл, тез тосқауылданатын гипогликемия аптасына бірнеше рет дамуы мүмкін және олар әдетте салыстырмалы түрде зиянсыз. Қарқынды инсулинотерапиядағы бір науқасқа жылына ауыр гипогликемияның бір жағдайы тиесілі. Көптеген жағдайларда гипогликемия түнгі кезде дамиды. ҚД-2-мен сырқаттанған инсулин қабылдайтын науқастардың 20 %-да және сульфонилмочевина дәрілерін қабылдайтын науқастардың 6 %-да 10 жылда аз дегенде бір рет ауыр гипогликемия эпизоды көрініс береді.