7.7.3. Гипогликемия Гипогликемия – қан сарысуында глюкоза деңгейінің төмендеуінен (<2,2– 2,8 ммоль/л), симпатикалық жүйке жүйесінің белсену белгілері мен/немесе орталық жүйке жүйесінің дисфункциясымен сипатталатын клиникалық синдром. Гипогликемия зертханалық феномен ретінде «гипогликемиялық симптоматика» ұғымымен бірдей емес, себебі зертханалық мәліметтер мен клиникалық көріністер әдетте барлық кезде бір-біріне сай келмейді.
Этиологиясы —инсулин, сондай-ақ сульфонилмочевина дәрілері мен олардың
туындыларын шамадан тыс қабылдау;
— өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында тағамды жеткіліксіз қабылдау;
— алкогольді ішімдіктерді қабылдау;
— өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында және/немесе
қосымша көмірсуларды қабылдамай физикалық жүктемемен айналысу;
— өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында (бүйрек
жеткіліксіздігі кезінде ҚДТД-ды қабылдауды жалғастыру және оның кумуляциясы, инсулиннің бастапқы мөлшерін өзгертпеу) ҚД-нің кеш асқынуларының (гастропарезбен автономды нейропатия, бүйрек жеткіліксіздігі) және бірқатар аурулардың дамуы (бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі, гипотиреоз, бауыр жеткіліксіздігі, қатерлі ісіктер);
—инсулин енгізу техникасының бұзылуы (тері астына енгізудің орнына бұлшықетке енгізу);
— артифициальды гипогликемия (науқастың өзі ҚДТД шектен тыс қабылдауы);
— органикалық гиперинсулинизм — инсулинома (10.3 бөлімді қараңыз).