Гормон препараттары, олардың жасанды дәрілері мен антагонистері. Гормон – ішкі секреция бездері (эндокрин бездері) жасап шығаратын био-
логиялық жоғарғы белсенді зат. Ішкі секреция бездеріне қалқанша без, қалқан-серік маңы бездері, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныстық бездері жатады. Бездердің ішінде бас мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан – гипофиз ерекше орын алады.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі басқа ішкі секреция бездері- қалқанша без,
бүйрек үсті бездері, жыныстық бездерінің белсенділігін жоғарылататын гормонды бөліп шығарады. Бұл бездердің гормондары өз әсерінде, гипофизде гормонның бөлінуін тежейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде бөлінетін әр гормон секрециясы гипоталамустың тиісті гормондарымен қуаттандырылады.
Құрамында гормондар немесе олардың жасанды ауыстырулары бар дәрі-
лік заттар гормональдық препараттар деп аталады. Бұл дәрілер негізінен орнын басатын ем ретінде қолданылады. Эндокриндік бездердің жетіспеушілігінде мұндай терапия ұзақ қолданылады. Кейбір гормональды препараттар, гормондардың жетіспеушілігіне байланысты болмаған ауруларда емдеуші заттар ретінде қолданылуы мүмкін.
1. Гипофиз гормондарының препараттары.
Гипофиз өзі 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, артқы. Әр бөлік қанға
гормональдық заттар бөліп шығарады. Гипофиздің алдыңғы және артқы бөлі-
гінің гормондары жақсы зерттелген.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондық препараттары. Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормондарды бөліп шығарады:
АКТГ (Адренокортикотропты гормон – бүйрек үсті безі қыртысы гормон-
дарының секрециясын қуаттандырады), бой өсу гормоны, лактогенді гормон
(ана босанғаннан кейін сүт безінің сүт секрециясын қуаттандырады), тирео-
тропты гормон (қалқанша безінің гормондарының пайда болуын және бөлінуін қуаттандырады), 2 гонадотроптық гормон – фоллитропинді гормон және лютропинді гормон (жыныстық бездерінің белсенділігін күшейтеді). Осы айтылған гормондардың немесе олардың қасиеттеріне ұқсас заттардың кейбіреулері дәрілік препарат түрінде шығарылады. Мысалы: препарат АКТГ кортикотропин бүйрек үсті безі қыртысының гормоны жетіспеушілігінде; октреотид акромегалия мен карциноидты ісікте; менопаузалы гонадотропин мен хорионды гонадотропин жыныс бездерінің қызметі төмендеуінде, бедеулікте және жыныс ағзалары кеш дамуында; даназол бедеулікке алып келетін эндометриозды емдеуде, сүт бездерінің қатерсіз ісігінде және етеккір алды белгісінде; лактин босанғаннан кейінгі лактацияны күшейту үшін қолданылады.
Гипофиздің ортаңғы бөлігінің гормондық препараты.
Интермедин көздің көру қабілетінің өткірлігін арттырып, қараңғыға бей-
імделуін жақсартады. Көздің торлы қабығының дегенеративті өзгеруінде, гемералопияда қолданылады.
Гипофиздің артқы бөлігінің гормондық препараттары.
Гипофиздің артқы бөлігі екі гормон бөледі – окситоцин және вазопрес-
син. Окситоцин босану кезінде миометрияның ритмдік жиырылуын және бо-
санғаннан кейін сүттің сүт бездерінен пайда болуын күшейтеді.
Вазопрессин қан түтіктерінің, асқазан ішек жолдарының тегіс жатық ет-
терінің жиырылуын күшейтеді, артериялық қысымды жоғарылатады, бүйрек
қалталарында судың қайта сіңуін күшейтеді. Вазопрессин жетіспеген кездерденесептің бөлінуі көбейіп (10-20 литр тәулікте), ауру арықтайды, бұлшық етте дәрменсіздік пайда болады – (қантсыз диабет).
Медициналық препарат ретінде окситоцин және питуитрин қолданылады.
Окситоцин акушерліқ тәжірибеде босануға күші жетпей жатқанда, бо-
санғаннан кейінгі жатырдан қан аққан кезде қолданылады.
Питуитрин окситоцин мен вазопрессиннің қосындысы. Питуитринді қол-
данғанда артериялық қысым көтерілуі мүмкін. Питуитрин қантсыз диабетте
орынбасушы емдеу ретінде қолданылады. Қантсыз диабетте және адиурекрин (құрғақ питуитрин) қолданылады. Адиурекрин интраназальды беріледі – ұнтақты мұрын арқылы жұту. Адиурекрин әсері 6-8 сағатқа созылады.
Препараттар
Кортикотропин. Cortіcotropіnum – ақ ұнтақ. Берілуі бұлшық етке 10-20
ЕД тәулігіне 3 рет.
Шығарылуы: флаконда 10-20-30-40 ЕД.
Сақталуы: Б тізімі.
Соматотропин. Somatotropіnum humanum – ұнтақ, берілуі – бұлшық етке
2 - 4 ЕД аптасына 2 - 3 рет.
Шығарылуы: флаконда 2 немесе 4 ЕД.
Октреотид. Octreotidum – т/а 0,00005 жэне 0,0001 енгізіледі.
Шығарылуы: ампулада 0,00005 және 0,0001.
Менопаузалы гонадотропин. Gonadotropinum menopausticum- 75 ЕД
препаратты 1 мл 0,9% NaCI ерітіндісінде ерітіп, тәулігіне 1-2 мл -ден б/е енгі-
зіледі.
Шығарылуы: флаконда 75 ЕД
Сақталуы: Б тізімі.
Хорионды гонадотропин. Gonadotropinum chorionicum-500; 1000 және
2000 ЕД флакон құрамы еріткіште ерітіп б/е енгізіледі.
Шығарылуы: флаконда 500 1000 және 2000 ЕД.
Сақталуы: Б тізімі.
Лактин. Lactinum – 100 және 200 ЕД флакон құрамын 2-4 мл инъекцияға
арналған суда ерітіп, тәулігіне 1-2 мл -ден б/е енгізіледі.
Шығарылуы: флаконда 100 және 200 ЕД
Интермедин. Intermedinum – 0,05 және 0,1 флакон қурамын 1-2 мл еріт-
кіште ерітеді; көз тамшысы – 3 тамшыдан; 0,2-0,3 мл 3 күнде 1 рет көздің кі-
легей қабығының астына енгізіледі.
Шығарылуы: флаконда 0,05 және 0,1.
Тиротропин. Thyrotropіnum – залалсыздандырылған ұнтақ ақшыл сары
түсті. Берілуі-тері астына немесе бұлшық етке 10 ЕД күніне 1 рет.
Шығарылуы: флаконда 10 ЕД.
Окситоцин. Oxytocіnum – босануға күші жетпей жатқанда беріледі көк
тамырға 1 мл + 500 мл 5% глюкоза ерітіндісімен.
Шығарылуы: ампулада 1 мл (5 ЕД).
Сақталуы: Б тізімі.
Питуитрин. Pіtuіtrіnum – мөлдір сұйық. Берілуі- босануды тездетіп, же-
ңілдету үшін тері астына немесе бұлшық етке 0,2 - 0,25 мл әр 15 - 30 минутта 4-6 рет. Қантсыз диабетте күніне 1 мл.
Шығарылуы: ампулада 1 мл (5 ЕД).
Сақталуы: Б тізімі.
Адиурекрин. Adіurecrіnum – майда ұнтақ. Берілуі- интраназальды 0,03-
0,05 күніне 2-3 рет.
Шығарылуы: ұнтақ.
Рецепт үлгісі:
Rp.: Oxytocіnі 1 ml (5 ЕД).
D.t.d. 10 іn ampullіs.
S. 0,5 мл окситоцин 500 мл 5% глюкоза ерітіндісімен көк тамырға тамшылатып енгізіледі.