Гормон препараттары, олардың жасанды дәрілері мен антагонистері. Гормон


Қалқанша без гормондарының препараттары мен олардың антагонистері



бет2/5
Дата27.09.2024
өлшемі29,27 Kb.
#205257
1   2   3   4   5
Байланысты:
Гормон-каз

Қалқанша без гормондарының препараттары мен олардың антагонистері.
Қалқанша без 3 гормон бөліп шығарады: тироксин, трийодтиронин және
кальцитонин.
Тироксин және трийодтиронин белок, көмірсу және майдың алмасуын
қуаттандырады, орталық жүйке жүйесінің, миокардтың қозғыштығын жоғарылатады.
Кальцитонин қан құрамындағы кальцийді азайтып оның сүйек тіндерінде
жиналуын күшейтеді Қалқанша бездің тума жетіспеушілігі (кретинизм) және
үлкейген кезде жүре пайда болған жетіспеушілігі (Микседема) кезінде ағзаның семіруі, ісіктер, психикалық дамуының жетіспеушілігі байқалады.
Қалқанша бездің жетіспеушілігі қабылданатын тағамда йодтың жетіс-
пеушілігінде болады. Йод қалқанша безі гормондарының синтезі үшін қажетті зат. Йод жетіспегенде қалқанша бездің көлемі ұлғайып кетеді. Бұл ауру эндемиялық зоб деп аталады.
Қалқанша бездің гиперфункциясында (тиреотоксикоз, Базедов ауруы)
қалқанша бездің көлемі ұлғайып, науқаста арықтау, тез ашулану, тез шарша-
ғыштық, тахикардия, бадырақ көздік пайда болады.
а. Қалқанша безінің жетіспеушілігінде қолданылатын препараттар.
Қалқанша бездің жетіспеушілігінде орын басушы емдеу ретінде қалқанша
без гормондарының препараттары– тиреоидин, L-тироксин және трийодтиро-
нин қолданылады. Тиреоидиннің құрамында тироксин мен трийодтиронин бар.
Оның әсері 2-3-ші күні байқалатындықтан мөлшерден көп беріліп жүректің
соғуы жиіленуі, науқастың терлеуі мүмкін.
Тиреоидинді қантты диабетте, коронар қан айналымының жетіспеушілі-
гінде, Аддисон ауруында беруге болмайды.
Трийодтиронин – жасанды препарат, табиғи трийодтиронинге сәйкес ке-
леді. Тироидинге қарағанда тез және күшті әсер етеді. Эндемиялық зобта йод
препараттары; калий йодиді және натрий йодиді, йодбаланс, йодомарин қол-
данылады.
б. Қалқанша бездің гиперфункциясында қолданылатын
дәрілер (антитиреоидтік препараттар).

Қалқанша безі гормондары көп бөлінгенде олардың қалқанша безде син-
тезін төмендететін заттар тағайындалады. Ол препараттарға мерказолил, пропилурацил, кальцитрин жатады. Мерказолилді қолданғанда лейкопения болуы мүмкін. Қалқанша бездің гиперфункциясында йод препараттарыда терапевттік әсер көрсетеді. Калий йодиді 0,001 мөлшерде гипофиздің тиреотропты гормонының бөлінуін тежейді. Бұл дәрілер немесе хирургиялық емдеу әсер бермесе онда радиоактивті йод препараты қолданылады.

Препараттар


Тиреоидин. Thyreoіdіnum – сары сұрғылт ұнтақ, суда ерімейді.
Берілуі ішке 0,05-0,2 тәулігіне.
Шығарылуы: ұнтақ, таблеткада 0,05; 0,1; 0,2.
Сақталуы: Б тізімі.
L-Тироксин. L-Thyroxin – ішуге 1 табеткадан тәулігіне 1-2 рет белгіленеді
Шығарылуы: таблеткада 0,0001.
Сақталуы: Б тізімі.
Трийодтиронин гидрохлориді. Trііodthyronіnum hydrochlorіdum берілуі –
0,00005-0,00025 -тен бастап жайлап 0,0006 тәулігіне көтеріледі.
Шығарылуы: таблеткада 0,00002 және 0,00005.
Сақталуы: Б тізімі.
Мерказолил. Mercazolilum – ішуге 1-2 таблеткадан тәулігіне 1-4 рет та-
мақтан соң белгіленеді.
Шығарылуы: таблеткада 0,005
Сақталуы: Б тізімі.
Пропилурацил. Пропицил. Propiluracil – ішуге 2-6 таблеткадан тәулігі-
не 3 - 6 рет тамақтан соң белгіленеді.
Шығарылуы: таблеткада 0,05.
Сақталуы: Б тізімі.
Кальцитрин. Calcitrinum – 1 флакондағы құрғақ затты 1 мл инъекцияға
арналған суда ерітіп 0,25-0,5 мл -ден күнде б/е немесе т/а енгізіледі.
Шығарылуы: флаконда 10 ЕД
Сақталуы: Б тізімі.
Калий йодиді. Kalіі jodіdum – ақ майда кристалды ұнтақ, берілуі-ерітінді
және микстура түрінде 0,001 ішуге.
3. Қалқансерік безінің гормонды препараты.
Қалқансерік маңы бездері қандағы кальций мөлшерін көбейтіп, кальций-
ды сүйек тканін жұмылдыру арқылы қанда бір деңгейде ұстап тұратын парат-
гормонды бөліп шығарады. Паратгормон көп бөлінген кезде сүйектер ыдырайды. Мұндай жағдайларда хирургиялық емдеу ғана өз нәтижесін береді.Қалқансерік маңы бездерінің жетіспеушілігінде паратиреоидин қолданылады.

Паратиреоидин. Parathyreoіdіnum – мөлдір сұйық. Берілуі: тері астына


немесе бұлшық етке 1-4 мл.
Шығарылуы: ампулада 1 мл (20 ЕД).
Сақталуы: Б тізімі.
Рецепт үлгісі:
Rp.: Parathyreoіdіnі 1,0 (20 ЕД).
D.t.d. N 10 іn ampullіs.
S. 1 мл тері астына күніне 1 рет.
4. Инсулин препараттары мен жасанды гипогликемиялық дәрі- дәрмектер.
а. Инсулин
Инсулин үйқы безінің гормоны, көмірсу алмасуына әсер етеді. Инсулин
қанттың ағза тіндері жасушаларында сіңуін жақсартады, белоктың, майдың
синтезін күшейтіп протеолиз және липолизды (белок және майдың бөлінуі)
тежейді.
Инсулиннің жетіспеушілігінде қандағы қант деңгейі көбейіп, зәрде қант
пайда болады. Несептің бөлінуі көбейеді. Мұндай ауруды қантты диабет деп
атайды. Қантты диабетте көмірсу, май және белок алмасуы бұзылады. Қантты диабеттің ауыр түрлері емделмеген жағдайларда гипергликемиялық комадан (қан құрамындағы қант мөлшерінің бірден көтерілуі, ацидоз, есін жоғалту, ауыздан ацетон иісінің шығуы, ацетонның зәрде пайда болуы) өлімге алып келеді.
Ұйқы безі жасушаларының функционалды жетіспеушілігінде, қантты
диабетті емдеу үшін осы жасушалардың белсенділігін қуаттандыратын бутамид қолданылады. Бұл препараттар әсер етпеген жағдайларда, ұйқы безінің органикалық бұзылуларында орынбасарлық емдеу ретінде инсулин қолданылады. Инсулин тері астына енгізіледі. Әсері 15-30 минуттан кейін басталып 6 сағатқа созылады. Диабетикалық комада инсулин көк тамырға енгізіледі. Инсулин көп мөлшерде берілсе қандағы қант төмендейді (гипогликемия), ашуланшақтық, ұрысқа бейімділік, агрессивтік, терлегіштік, күшті аштық, сезімі пайда болып гипогликемиялық шок (естен тану, бұлшық еттердің тырысуы, жүрек жұмысының бұзылуы) дамуы мүмкін. Осындай гипогликемия белгілері пайда болуымен науқас ақ нан, печенье немесе қант жеуі керек. Гипогликемиялық шокта көк тамырға 40% глюкоза ерітіндісі енгізіледі. Кейде инсулин енгізілген жер қызарып қызамық сияқты аллергиялық реакция беруі мүмкін.
Әсері қысқа инсулиндер суда ериді, т/а, б/е, к/т енгізіледі. Әсері 30мин.
басталып 8 сағ. созылады: актрапид НМ, актрапид ЧМ, инутрал ХМ, инсуман
Рапид, хоморал- 40, хумулин-Р, актрапид МС.

Цикламид. Cyclamіdum – ақ ұнтақ, суда ерімейді, берілуі-ішке 0,5-1,0


тәулігіне 1-3 рет.
Шығарылуы: таблеткада 0,25.
Сақталуы: Б тізімі.
Глибутид. Glіbutіdum – ақ ұнтақ, суда жақсы ериді. Берілуі: ішке тамақ
үстінде, тамақтан кейін 0,1 мөлшерден бастап тәулігіне 0,3 дейін бір тәулікте.
Шығарылуы: таблеткада 0,05.
Сақталуы: Б тізімі.
Рецепт үлгісі:
Rp.: Іnsulіnі 5,0.
D.t.d. N12.
S. Тері астына 10 ЕД тамақ алдында күніне 2 рет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет