Эпидемиологиясы ГГБЕА барлық гипофиз аденомаларының 25%-ын құрайды (жиі кездесетін гипофиз аденомасы); супраселлярлы локализациялы ісіктердің 70%-ы ГГБЕА болып табылады. Аутопсия мәліметтері бойынша гипофиз микроинсиденталомаларының таралуы 10–25 % жетеді. Жаңа анықталған клиникалық маңызды ГГБЕА жағдайы шамамен жылына 1 млн. халыққа 6 жағдайды құрайды.
Краниофарингиомасирек ауру болып табылады, дегенмен балаларда кездесетін ең жиі супраселлярлы ісік (балалардағы бас миы ісіктерінің 5–10%-ын құрайды).
Гипоталамус қоса зақымдалатын гемангиомалар перинатальды кезеңде немесе 2 жасқа дейін анықталады.
Сурет 2.5. Гипофиз аденомасының экстраселлярлы өсуі кезінде хиазмалық синдромның қалыптасуы (битемпоральды гемианопсия)