Этиологиясы
|
Гипофиздің гормональды-белсенді емес аденомалары үшін (ГГБЕА) соматикалық мутация. Краниофарингиомалар үшін- Ратке қалтасы жасушаларының эмбриональды дифференцировкасының бұзылуы
|
Патогенезі
|
Гипоталамус-гипофиз аймағындағы қандайда бір гипофиз гормонының тапшылығы дамыған неврологиялық симптоматикамен ұштасқан деструктивті үрдіс
|
Эпидемиологиясы
|
Барлық гипофиз аденомаларының 25%-ын ГГБЕА құрайды (гипофиздің барлық супрасселлярлы аденомаларының 70 %). Аутопсия мәліметтері бойынша гипофиз микроинциденталомалары таралуы 10–25 % жетеді
|
Басты клиникалық көріністері
|
Гипофиз инциденталомаларында-болмайды. Аденогипофизарлы жеткіліксіздік, қантсыз диабет, гиперпролактинемия, неврологиялық симптоматика (хиазмальды синдром, бассүйек-ми жүйкелерінің салдануы)
|
Диагностикасы
|
Бас миының МРТ, гипофиздің тропты гормондарының тапшылығын гормональды зерттеу арқылы дәлелдеу
|
Салыстырмалы диагностикасы
|
ГГБЕА гипофиздің гормональды-белсенді аденомаларынан, ең бірінші пролактиномадан ажырату қажет
|
Емі
|
Хирургиялық+гипофизарлы жеткіліксіздікте орынбасушы терапия. Кездейсоқ анықталған гипофизарлы жеткіліксіздік және неврологиялық симптоматика дамымаған кіші көлемдегі ГГБЕА үшін- динамикада МРТ
|
Болжамы
|
Кездейсоқ анықталған ГГБЕА (гипофиз инциденталомасы) ешқандай клиникалық маңызы жоқ. Үлкен көлемдегі ГГБЕА операциялық араласудан кейін алғаннан соң көп жағдайда неврологиялық симптоматиканы жоюға болады, ал гипофизарлы жеткіліксіздік қандай да бір дәрежеде сақталады
|