2. Аралшықты-жасушалық ісіктер (80 %) (9 бөлімді қараңыз); жиі гастринома (барлық гастриномалардың 25–60 %-ы МЭН-1 кезінде анықталады) және инсулинома дамиды. Сирек жағдайда ВИпома, глюкагономалар және функционалды белсенді емес эндокринді ісіктер немесе карциноидтар көрініс береді.
3. Аденогипофиз ісіктері (54 %) (2 бөлімді қараңыз) науқастардың жартысында дамиды. Жиң пролактиномалар, сирек соматотропиномалар немесе гормональді белсенді емес ісіктер, өте сирек — кортикотропиномалар көрініс береді.
КЭН-1 кезінде отбасылық скриниг жүргізіледі (калий, гастрир, өсу гормоны, гликемия деңгейі анықталады). Скринигке 15-65 жас аралығындағы бірінші және екінші тармақтағы барлық науқастар екі жыл үзіліспен қатысады.