А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі


Бастауыш мектептің сабақтарындағы қазақ музыкасы



бет3/34
Дата17.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#191662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

1.1. Бастауыш мектептің сабақтарындағы қазақ музыкасы

Европа музыкасында дыбыстың құрамында қосалқы дыбыс болмаған жағдайда ғана ол толыққанды болып саналады. Ал қазақтың дәстүрлі мәдениеті үшін тембрдің (әуезділік) қою, қосалқы дыбыстың оралымды болуы құнды болып табылады.


Әлемдік мәдениет тарихында әр түрлі тарихи дәуірлерде музыка әр түрлі қызмет атқарды. Біз музыканың көңіл көтеру немесе қолданбалы қызмет атқаратынана үйренгенбіз. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде осы уақытқа дейін саз аспаптары үнінің сиқырлы күші бар деген түсінік сақталып келеді. Музыка табиғат құбылыстарына, адам мен жан-жануарларға әсер етеді деген көзқарас қалыптасқан.
Музыкалық аспапты ойлап табу, аспапта ойнау, әнді сүйемелдеу тәңір ісіне дейін теңелген. Музыкалық аспаптар, басқа дәстүрлі мәдениеттегідей жанданып, дамып отырды. Салт-дәстүр әндеріне: қоштасу-жоқтауға, қыз ұзатуға байланысты дәстүрлі әндерге көп мән берілді. Алдыңғы буын өкілдерінің есінде келіннің айтатын қоштасу, сыңсу, көрісу, танысу, арыз өлең, т.б. сияқты әндері әлі күнге дейін сақталған. Бұл әндерді қыз туыстарымен қоштасар алдында өздері ойдан шығарып, орындаған. Қазіргі кездегі үйлену тойларында жастар айтатын «жар-жардың» жаңартылған түрін естіп жүрміз. Тойда қыз бен жігіттің туыстары екіге бөлініп айтатын «тойбастар» әні бар. Жас келіннің бетін ашу үшін «Беташар» әнін айтуға танымал әншіні шақыратын болған.
Дәстүрлі әндер – бұл халықтың өткен өмірін қазіргі кезді байланыстыратын жіп тәрізді, ол халықтың музыкалық фольклорының ең көнесі. Солардың бірі – жарапазан әні. Қазақстан өңірлеріне көп тараған «жарапазан» әні – ораза кезінде балалардың, жастардың орындайтын әні. Бұл ән Қазақстанда ислам дінінің таралуына дейін болған көрінеді. «Жарапазан» әнін әр үйдің жанына келіп айтатын болған. Жарапазан айтушылар үй иесін мақтап, оның жетістіктеріне тоқталған. Үй иесі жарапазан айтушыларға сый-сияпат жасап, батасын берген.
1.2. Қазақстандағы кәсіби хор өнерінің қалыптасуы мен дамуы

Ертеден қазақ халқы өзінің бай музыкалық фольклорын мақтан түтқан. Әсіресе халық әндері көркем де тартымды болған. Халық әндері халық күйзелісінің, ой-арманының, тұрмысының, тарихынын көрінісі бола білді. Қазақтарда жеке ән айту өнері жақсы қалыптасқан. Жеке ән айту дәстүрі бір дауыспен шағын топтарда айтылған. Революцияға дейін Қазақстанда музыкалық сауат болған жоқ, сондықтан халықтың бай музыкалық мұрасы ауызша түрде ғана сақталған. Көп дауысты хор мәдениеті Қазақстанда 20–жылдардын соңы мен 30–жылдардың басында қалыптаса бастады, ұлттық ән дәстүрінен бастау алып, кәсіби музыка өнерінің жетекші жанрына айналды.


Қазақстанда музыка мәдениетінің дамуына республикамыздың халық әртісі А.В. Затаевичтің халық әндерін жинап, жазып, насихаттауға байланысты жасаған жұмыстары зор үлес қосты. Ол қазақ халық әндерін жанр бойынша жіктеп, композиторлардың ансамбльдік өңдеулерінде қолдана алатындай жазба үлгілерін жасады.
1924-25 оқу жылының басында Петропавл қаласының халыққа білім беру бөлімі И.В. Коцыкті педагогикалық техникумның оқытушысы қызметіне шақырады. Ол қазақ, орыс бөлімдеріндегі хор жетекшісі қызметін бірге атқарады.
1925 жылдың наурыз айында Петропавл педагогикалық техникумының қазақ хорының тұңғыш концерті болды. Хор үлкен концерттік жұмыстар жүргізе бастады. Москва қаласындағы Кремль сарайының бірінде хор алғаш рет қазақ әнін орындап, тамаша концерт берді. Москва қаласында хордың 12 концерті берілді. Петропавлдағы көп дауысты қазақ хорының қалыптасуы мен нәтижелі қызмет ету тәжірибесі 30–жылдары Қазақстанда хор өнерінің дамуына жол ашты, Қазақстандағы кәсіби хор мәдениетінің қалыптасуына, кәсіби хор ұжымдарын ұйымдастыруға негіз болды.
1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласында қазақтың тұңғыш мемлекеттік драма театры ашылды. Театр сол кезде филармония қызметін де атқарды. Театрдың ұйымдастырушысы және алғашқы жетекшісі Д.И. Ковалев болды. Осы кезге дейін музыка драматургияның құрамды элементі ретінде маңызды орын алып, хормен ән айтуды қойылымға енгізуге байланысты алғашқы ұмтылыстар жасалды.
Театрдың жаңа астана Алматыға көшуіне байланысты, музыкалық жетекші Д.И. Ковалевтың бастауымен театр артистерінен бірінші қазақ хоры ашылды. 1933 жылдан бастап театрда композитор және хормейстер И.В. Коцыктың жетекшілігімен музыкалық орталық жұмыс істей бастады. Кейінен музыкалық-драмалық театр болып қайта құрылады. Музыкалық-драмалық театрдың көркемдік жағынан өсуіндегі маңызды кезең ретінде Е.Брусиловскийдің музыкасына жазылған «Қыз-Жібек» спектаклінің қойылымы болды, онда композитор алғаш рет екі дауыста ән айтуды және халық әндерін қолданған болатын.
Хор ұжымының халық әндерінің негізін орыстың және батыс европа классиктерінің опералық репертуарына енгізуге байланысты, хор ұжымы қысқа мерзім ішінде көп дауыста ән айту әдісін меңгерді.
Театрдың ұйымдастырумен 1932 жылы қазақ радиокомитетінде шағын әйелдер хор ұжымы ашылды. Кейінен бұл ұжым үлкен аралас хордың негізін қалады. Қазақ радиокомитетінің хоры қазақ музыкасын белсенді насихаттаушы болды, соынмен бірге үгіт-насихат жүргізудің тиімді құралын – радиоэфирді пайдалануға мүмкіндік алды.
1934 жылы республика үкіметінің шешімі бойынша Қазақтың Мемлекеттік филармониясы құрылды. Оның негізін А.Қ.Жұбанов жетекшілік жасаған ұлттық оркестр құрады. А.Қ.Жұбановтың басшылығымен Д.Д. Мацуцин жетекшілік еткен бірінші кәсіби хор ұйымдастырылды. 1937 жылы бұл ұжым жаңадан құрылған қазақтың Мемлекеттік хор құрамына енді. 1939 жылы хор қазақтың Мемлекеттік капелласы болып қайта құрылды.
Қазақстандағы хор өнерінің дамуы туралы сөз қозғағанда, кәсіби музыка тарихына тоқталып өтпеуге болмайды. Онсыз бүгінгі таңда мемлекетіміз мақтаныш тұтатын өнер мен мәдениет саласындағы жетістіктерімізді еске алу мүмкін емес еді.1944 жылы үкімет шешімімен Алматыда жоғарғы музыкалық оқу орны – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясы ашылды. Консерваторияның ұйымдастыру барысына, дамуына қазақстандағы орыс музыка өнерінің қайраткерлері үлкен роль атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет