Дипломдық ЖҰмыстың тақырыбы: екіншілік сүт шикізатынан қЫШҚыл сүт сусындарының технологиясын дайындау



бет2/18
Дата16.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#139648
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
копия-диана
5 а ктж атамұра
КІРІСПЕ
ӘДЕБИ ШОЛУ
Өндірістік өңдірудің 3 негізгі бағыты майсыздандырылған сүт, пахта және сүт сарысуы белгілі:
Барлық шикізат компоненттерін толық қолдану (сусындар, қоюлатылған және құрғақ өнімдер);
Шикізат компоненттерін бөлу әдісі бойынша қолдану (сүт майын, ақуызын, лактозасын бөліп алу, );
Сүт шикізатынан жаңадан өнімдер өндіру (казеин гидролизаттары және сарысу ақуыздары, глюкозо-галактоз шәрбәттары, этил спирті, лактулоза, лактитол және т.б.).
Майсыздандырылған сүт тамақ өндірісінде, жем-шөп дайындауда, медициналық препараттар және техникалық жартылай фабрикаттар өндірісінде кеңінен қолданылады. Осылардың ішіндегі ең маңыздылардың бірі ретінде үнемі тұтыну үшін әзірленетін өнімдерді айтуға болады. Майсыздандырылған сүт ассортиментіне майсыздандырылған сүт және сусындар, майлы емес сүтқышқылды сусындар, майлы емес ірімшіктер, майлы емес ақуызды өнімдер, майлы емес сүт консервілері, сүтті-ақуызды концентраттар, ауылшаруашылық жануарларына арналған сүтті алмастырғыштар.
Тағамдық құндылығы тұрғысынан сүт өнімдері майсыздандырылған сүттің құрғақ заттарын толық қолдану негізінде дайындалған тағамдар – сусындар (әсіресе сүтқышқылды және толықтырғыштары) өте үлкен қызығушылық танытады.
Майсыздандырылған сүттен сүтті-ақуызды концентраттар – сүт ақуызын және казеин алу өте маңызды болып табылады. Сүт ақуызының айрықша қасиетін және оның кең қолданыс спектрін еске ала отырып, оның негізінде дайындалатын тағамдардың технологиясын әзірлеудің теориялық және тәжірибелік негізіне ғылыми тұрғыдан өте үлкен үлес қосқан проф. П.Ф. Дьяченко және оның шәкірттері болып табылады.
Пахтаның тағамдық және диеталық құндылығы оның тұтыну тағам өндірісінде толық және кең қолданысына мүмкіндік береді. Пахтада майсыздандырылған сүттен қарағанда құрамындағы май мөлшері (шамамен 10 есе ) және биологиялық белсенді заттар(мысалы, фосфатид 11 есе) көп болып келеді.
Пахта өнеркәсібі өндірісінің негізгі бағытын былайша көрсетуге болады.Тәттімай өндірісі кезінде шайқау және май мөлшері өте жоғары майды қайта өндіру әдістері бойынша алынған пахтаны мынадайда қолдану:
Толықсүт өнімін қалыптандыру, сусындар өндірісінде соның ішінде сүтқышқылды және толықтандырғыштары бар;
Ақуызды өнімдер өндірісінде (сүзбе, ірімшік);
Қоюлатылған және құрғақ пахта өндірісінде;
Пахтаны ультрафильтрлеу кезінде компоненттердің бөлінуі .
Пахтадан әзірленген тағамдар ассортименттеріне бірнеше оңдық (50-ден астам) атаулар жатады және олар күннен- күнге кеңейіп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет