Кіріспе. Мұнай мен оның әлемдік экономикадағы ролі. Органикалық заттардың өнеркәсібінің негізгі бағыттары



бет23/23
Дата02.12.2019
өлшемі5,51 Mb.
#52825
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ОЗХТ УМК КАЗ
ОЗХТ УМК КАЗ

Негізгі әдебиет 7 [62-68]

Қосымша әдебиет 4 [45-55]

Бақылау сұрақтары:

  1. Қысым арқылы құйып шығаратын бұйымның қасиеттеріне әсер ететін параметрлерді атап айтыңыз. Барлығын талдап түсіндіріңіз


Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ)




Тапсырма

Өткізу түрі

Әдістемелік ұсыныстар

Әдебиеттер

1

Мұнайды біріншілік өңдеудің материалдық балансын есептеу негіздері. Бақылаушы температуралық нүкте бойынша айдау балансын есептеу.

Есептер шығару

Есептер шығару бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Нег.1 [3-8];

Қос.:5[1-8];



2

Параболикалық аппроксимация негізінде айдау балансын есептеу.

Есептеулер

СҒЗЖ жүргізу бойынша жұмыстар қарастыру

Нег.1[3-8],

Қос.: 8[1-8];



3

Мұнайды өндірістік-жобалық бағалау және оны өңдеудің негізгі бағыттары.

Тренинг

Бұл мәселені топта қарастыру

Нег. 1

Қос.:8[1-8];



4

Мұнайдағы түсті мұнайөнімдерінің қосынды потенциалын анықтау.

Есептер шығару

Есептер шешу бойынша әдістемелік нұсқаулар қолдану

Нег. 1[16-25]; 6 [30];

Қос.:8;


5

Мұнайды айдау процесін технологиялық басқару. Ректификациялық баған жұмысының параметрлерін реттеу.

Пікірталас

Ғылыми және салалық журналдарды қолдану

Нег.1[35-38];

6[8-17];



6

Мұнайды тура айдау процесін жылдамдату.

Пікірталас

Ғылыми және салалық журналдарды қолдану

Нег.1[16-25];6 [30];

Қос.:8;


7

Каталитикалық крекинг процесін басқару негіздері.

Реферат

Ғылыми және салалық журналдарды қолдану

Нег.1[66-77];

5[38-39],11



8

Сығылған газдарды тотықтырып демеркаптандау және бензинді-керосинді фракциялар.

Реферат

Ғылыми және салалық журналдарды қолдану

Нег.1[66-77];5[38-39],11;

9

Полиэтиленнің модификациясы.

Баяндама

Ғылыми және салалық журналдарды қолдану

Нег.1[126-128]; Қос.:9-11

10

Полистиролдың беріктігін жоғарлату әдістері.

Пікірталас

Ғылыми және салалық журналдарды қолдану

Нег.4[126-128];

11

Амидоальдегидті олигомерлер негізіндегі композициялық материалдар.

Мысалдар келтіру

Ғылыми және салалық журналдарды қолдану

Нег.1[3-8],4;


12

Қанықпаған полиэфирлер негізіндегі композициялық материалдарға арналған байланыстырғыштар.

Мысалдар келтіру

Ғылыми және салалық журналдарды қолдану

Нег. 1 [161-205],4;

13

Экструзия әдісімен толтырылған термопластардан қабыршақ алу.

Тренинг

Ғылыми және салалық журналдарды қолдану

Нег.1[214-218];


14

Өнеркәсіптік термопластар. Полиуретандар.

Реферат

Ғылыми және салалық журналдарды қолдану

1 [243-245];


15

Резиналық қоспаның вулкандану процесін жылдамдату жолдары.

Баяндама

Ғылыми және салалық журналдарды қолдану

1 [243-247];



Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (СӨЖ)




Тапсырма

Әдістемелік ұсыныстар

Әдебиеттер

1

Мұнай мен газдың құрамы, химиялық табиғаты. Элементтік құрамы. Фракциялық құрамы. Мұнайдың гетероатомды қосылыстары.

Реферат жазу.

Нег. 1[5-6];


2

Ректификация мен айдаудың теориялық негіздері. Айдау әдістері.

Үй жұмысын хабарлама түрінде жазу.

Нег. 1[16-26];

3

Мұнайдың коллоидты – химиялық қасиеттері. Дисперсті мұнай жүйелері. Мұнайдың дисперсті жүйелерінің негізгі қасиеттері.

Үй жұмысын хабарлама түрінде жазу.

Нег. 1 [27-34],6


4

Мұнайдың жіктелуі. Химиялық және технологиялық және техникалық жіктелуі.

Хабарлама түрінде үй тапсырмасын орындау

Нег. 1[35-58];

5

Отынның негізгі қасиеттері. Бензиндер. Реактивті отындар. Дизельді отындар. Котельді, кемелік, газотурбинді және пеш отындары.

Үй тапсырмасын реферат түрінде жазу.


Нег. 1[37-54];


6

Мұнайдың сумен эмульсиясы. Эмульсияның түрлері. Сулымұнай эмульсиясын ыдырату және тұрақтандыруға қабілетті факторлар.

Эмульсияның түрлері туралы баяндама дайындау.

Нег.1[55-58];


7

Мұнайды біріншілік өңдеу процесінің экологиялық қауіпсіздігі.

Үй тапсырмасын реферат түрінде жазу.

Нег. 1[59-62];

8

Мұнайды біріншілік өңдеу қондырғысының құралдары. Электродегидраторлар жұмыстарының режимі мен типтері. Теплоалмастырғыштар. Түтікті пештер.

Үй тапсырмасын реферат түрінде жазу.

Нег. 1[39-43],4;


9

Стирол негізіндегі перспективалы сополимерлер мен оларды алу жолдары.

Оқытушы көрсетуі бойынша үй тапсырмасын орындау.

Нег. 1[71-77,81-84];

10

Пісіру әдісімен термопластарды өңдеу.

Термопласттар туралы реферат жазу.

Нег. 1[122-125,128-133];

11

Фторопластардың ерекше қасиетіне әсер ететін факторлар.

Фторопласттар бойынша реферат жазу.

Нег.1[141-151];

12

Фенолоальдегидті олигомерлердің түзілу процесінің химизмі.

Олигомерлер, мономерлер туралы түсінікті кеңейту.

Нег.1213-225];

13

Полимерлік композиттер. Винипласт негізіндегі композициялық материалдар.

Полимерлік композициялық материалдар бойынша реферат жазу.

Нег.1[226-230];

14

Резина қасиетіне рецептуралы факторлар әсері.

Резиналар туралы кеңінен мәлімет беру.

Нег.1[231-237,243-247];

15

Қысым арқылы көбікті зат құю.

Қысыммен құю жұмыстарын қарастыру.

Нег.1[263-266],6


2.6 Өздік бақылау үшін тест сұрақтары
1. Мұнайды жер қойнауынан алу үшін не пайдаланылады?

А) Электр бұрғысы.

В) Электр қозғалтқыш

С) Қашау

Д) Құбырлар

Е) турбиналар
2. 40-200ºС аралығында қайнайтын фракция?

А) Бензин

В) Керосин

С) Газойль

Д) Мазут

Е) Лигроин
3. Бензин фракцияларының құрамына негізінен көмірсутектердің қандай кластары кіреді?

А) Алкандар, циклоалкандар, арендер;

В) Алкендер, циклоалкандар, гетероатомды қосылыстар;

С) Алкандар, жоғары молекулалы қосылыстар, арендер;

Д) Алкендер, төменгі молекулалы қосылыстар, арендер;

Е) Дұрыс жауабы жоқ.
4. Элементтік құрамына сай мұнайдың негізгі массалық компонентін не құрайды?

А) Көміртегі;

В) Көмірсутек;

С) Күкіртсутек;

Д) Метан;

Е) Пропан
5. Азоттың қосылыстары мұнайдың құрамында неше пайызды құрайды?

А) 10-30%

В) 2-3 %

С) 15 %

Д) 15-20 %

Е) 3-10 %
6. Қабатты өңдеу кезінде жарығын ұлғайтатын әдістер:

А) Химиялық әдістер;

В) Физикалық әдістер;

С) Жылу әдістері.

Д) Механикалық әдістер

Е) Аралық әдістер
7. Мұнайөнімін көтеретін механикалық әдістер:

А) су арынымен жару;

В) Қабатқа қышқыл айдау;

С) Қабатты қыздыру;

Е)Қабатқа су айдау


  1. Мұнайлар үшін орташа молекулалық салмақ нешеге тең?

А) 150-300;

В) 200-250;

С) 250-350;

Д) 250-300;

Е) 200-300.


  1. Жоғары тұтану температурасы қандай көмірсутектерге тән?

А) Алкандар;

В) Циклоалкандар;

С) ароматтылар;

Д) Алкендер;

Е) нафтендер.
10. Төмен қысымды катализатор алу үшін қандай катализтор қолданылады?

  1. FeCI3

  2. H2S04

  3. Мп02

Д) А1(С2Нз)3С1

Е) TiCL4
11. Жоғары қысымды полиэтилен полимерленуі қандай қысымда жүреді?

  1. 1500 кгс/см2

  2. 750 кгс/см2

  3. 1000 кгс/см2

  4. 1300 кгс/см2

  5. 1100 кгс/см2


12. Полиизобутилен қандай молекулалық салмақта алынады?
А) 200000 м.м.


В) 150000м.м

С) 250000 м.м

Д) 220000 м.м

Е) 110000м.м
13. Эмульсиялық полистирол алуға қандай инициатор қолданылады?

  1. Сутек қостотығы

  2. Бензоил асқын тотығы

  3. ДАК

Д) фосфор қышқылы

Е) аммоний персульфаты
14. Стиролды блокты полимерлеуде қандай реактор қолданылады?
А) каскад
ты реактор

В) реактор

С)түтікті реактор

Д) горизонтальды реактор

Е) кубты реактор
15. Эмульсиялық полистирол алғанда қандай эмульгатор қолданылады?

  1. хлорлы натрий

  2. карбонат калия

С) хлорилы калий

Д) хлорлы мырыш

Е) оленат натрия
16. Көбікті полистиролды қыспайтын әдіспен алғанда қандай көбіктендіргіштер қолданылады?

  1. бензоил пероксиді

  2. кальций карбонаты

  3. ДАК

Д) Хлорлы натрий

Е) фосфор қышқылы
17. Өнеркәсіпте пропиленді полимерлеу қандай реакторда жүргізіледі?

А) Кубты реактор

В) Түтікті реактор

С) Құбырлы реактор

Д) Каскадты реактор

Е) Икорлы автоклаф
18. ПВХ талшық алғанда ең басты не қолданылады?

А) Тұрақтандырғыш

В) Бояғыштар

С) Толтырғыштар

Д) Пластификатор

Е) Антиперен
19. Талшықты полифторэтилен қандай әдіспен алынады?

  1. Эмульсиялы

  2. Суспензиялы

  3. Лакты

  4. Блокты

  5. Қатты


20.Кристалды полипропилендерден қандай бұйымдар алынады?

  1. Құбырлар

  2. Сантехзаттар

С) Қабыршақтар, талшықтар

Д) Мастиктер

Е) Желімдер
21. Гексаметилендиамин мен адипин қышқылынан алынған полимер қалай аталады?

  1. Полиэфирлер

  2. Поликарбонаттар

  3. Полиамид-66

Д) Полиамид-6

Е) Полиимид
22. Полимерлік құбырлар қандай әдіспен алынады?

  1. Прессті

  2. Каландрлы

  3. Білікті

Д) Құймалы

Е) Экструзия
23. Қысыммен құйғанда қандай заттар алынады?

А) Қабыршақтар

В) Жіптер

С)Талшықтар

Д) Құбырлар

Е) Көпайналымды ыдыстар
24. Жатық заттар қандай әдіспен алынады?

А) Экструзия

В) Пресстеу

С)Түйістіріп орау

Д) Білікті

Е) Вакуммды
25. Қабатты пластиктер қандай әдіспен алынады?

A)Үлгілеу

В) Каландрлеу

С) Престеу

Д) Құю

Е) Экструзия
2.7. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізімі


  1. Мұнай мен газды тасымалдау және өңдеуге ұңғы басында дайындау процесінің технологиясы. Мұнайды газсыздандыру мен тұрақтандыру.

  2. Мұнай эмульсияларының түрлері мен оларды ыдырату әдістері.

  3. Мұнай және мұнайөнімдерінің физико-химиялық қасиеттері. (Компоненттік құрамы, тығыздығы, қаныққан бу қысымы, критикалық көрсеткіштері).

  4. Мұнайөнімдерінің жылуфизикалық қасиеттері (энтальпия, жылусыйымдылық, жану жылуы).

  5. мұнайды біріншілік өңдеу қондырғысының негізгі өнеркәсіптік кескіні (Комбинирленген біріншілік өңдеу қондырғысы-ЭЛОУ-АВТ-екіншілік айдау).

  6. Мұнайды біріншілік айдау өнімдері.

  7. Тауарлы мұнайөнімдерінің сипаттамасы. Отынның негізгі қаиеттері (бензин, реактивті және дизель отыны).

  8. Тасымалдау мен өңдеуге табиға газдар мен газконденсатты ұңғыда дайындаудың процесінің технологиясы. Қышқыл компоненттерден газдарды тазалау мен кептіру. Газдарды форакциялаудың негізгі өнеркәсіптік кескіндері (ГФУ мен АГФУ).

  9. Көмірсутекті шикізатты өңдеудің екіншілік процестері. Термиялық крекинг. Мақсаты.

  10. Көмірсутектерті шикізатты байытудың каталитикалық гидрогенизациялық процестерінің технологиясы.

  11. Каталитикалық крекинг процесінің технологиясы мен теориялық негіздері.

  12. Каталитикалық риформинг процесінің технологиясы мен теориялық негіздері.

  13. Бутан-бутиленді фракцияны каталитикалық алкилдеу процесінің технологиясы.

  14. Пентан-гександы фракцияның каталитикалық изомерлену процесінің технологиясы.

  15. Каталитикалық гидрокрекинг процесінің технологиясы.

  16. Ауыр мұнай өнімдерінің гидрокрекингі. Технологиялық кескіндері мен қолданылатын кескіндер.

  17. Каталитикалық крекинг. Процестің технологиясы мен аппаратуралық суреттелуі.

  18. Каталитикалық риформинг. Процестің технологиясы мен аппаратуралық суреттелуі.

  19. Изобутанды бутиленмен каталитикалық С-алкилдеу технологиясы. Шикізаты мен өнімдері.

  20. Қанықпаған алифатты қатар қосылыстарының полимерлері.

  21. Төмен тығыздықты полиэтилен. Алынуы. Қасиеттері. Ерекшелігі.

  22. Жоғары тығыздықты полиэтилен. Алынуы. Қасиеттері. Ерекшелігі.

  23. Полиизобутилен алу технологиясы.

  24. Полиизобутилен өндірісі процесінің сызбанұсқасы.

  25. Полиизобутилен қасиеттері. Қолданылуы.

  26. Қанықпаған ароматты көмірсутектердің полимерлері.

  27. Полистиролдың өсу көлемі мен өндірісін ескеретін факторлар және оның сапасына талап қойылатын алу әдістері.

  28. Стиролдың нақты полимерленуі

  29. Атактикалық полистирол алу әдісі.

  30. Полиметилметакрилат өндірісінің ерекшеліктері.

  31. Полиметилметакрилат мономерлері қалай анықталады.

  32. Полиакрилонитрил алынуы мен қасиеттері.

  33. Полиметилметакрилат қасиеттері.

  34. Фенол-альдегидті полимерлердің өндірісі.

  35. Новолакты фенол-формальдегидті полимерлер.

  36. Новолакты фенол-формальдегидті шайырлар өндірісінің процесінің сызбанұсқасы (үздікті әдіс).

  37. Новолакты фенол-формальдегидті шайырлар өндірісінің процесінің сызбанұсқасы (үздіксіз әдіс).

  38. Новолакты полимерлердің қасиеттері.

  39. Новолакты полимерлердің қолданылуы.

  40. Резолды фенол-формальдегидті полимерлер.

  41. Резолды фенол-формальдегидті шайыр өндірісі процесінің сызбанұсқасы.

42. Резолды фенол-формальдегидті шайырлардың қасиеттері. Қолданылуы.

  1. Композицияларда байланыстырушының ролі.

  2. Толтырғыштардың түрлері (ұнтақ тәрізді, талшықты, жапырақты).

  3. Фенол мен формальдегидтің қандай қатынасында новолакты шайыр алынады?

  4. Резолды шайыр синтезі үшін қандай мономер артық мөлшерде алынады?

  5. Текстолиттер дайындағанда қандай толтырғыштар қолданылады?

  6. Үздіксіз әдіспен новолакты шайыр синтезінде реакторлардың қандай түрлері қолданылады?

  7. Полимерлік материалдардың ерекше қасиеттері.

  8. Полимерлік материалдардың кемшілігі.

  9. Полимерлік материалдардың шикізат базасы.

  10. Пластиктердің негізгі типтері.

  11. Өнеркәсіптік талшықтар композиттерде армирлеуші материалдар ретінде қолданылады.

  12. Полимерлік материалдарды соңғы өнімге өңдеудің әртүрлі тәсілдері.

  13. Полимерлерді өңдеуге дейінгі қасиеттері.

  14. Компаундтау процесі.

  15. Араластыру әдісін кеңейте түсінік беріңіз.

  16. Каландрлеу. Процес барысы.

  17. Үлгіде құю.Ротациялық құю.Қысыммен құю.Қабыршақ құю.

  18. Тура формалау процесінде қолданылатын пресс-форманың кескіндік суреттелуі

  19. Қысыммен құю процесінің кескіндік келбеті

  20. Пнефмоформалау әдісі.

  21. Термопласттарды вакуумды формалау процесінің кескіні

  22. Листті термопластарды формалау процестерін кескіндеу

  23. Экструзия әдісімен жатық бұйымдар алу.

  24. Экструзия әдісімен құбырлар алу.

  25. Экструзия әдісімен үрлеп Технология получения пленок из ПЭ методом экструзии с раздувом.

  26. Реактопласттарды формалаутехнологиясы.

  27. Пластмассаны каландрлеу мен прокатка. Технология ерекшелігі.

  28. Реактопласттан бұйым шығару ерекшелігі – үлестеу мен қыздыру.


ГЛОССАРИЙ
Технология – бұл өндірістік процестердің жүргізу құралы мен әдістері бойынша білімдер жинағы.

Химиялық технология – ішкі құрылысы мен құрамы, қасиеті терең өзгеретін процестерді зерейді.

Шикізат - өнеркәсіптік өнімдер өндіруге қолданылатын бастапқы материалдар.

Жартылай өнім - өнеркәсіптік өңдеуге ұшыраған шикізат.

Ілеспелі газдар дегеніміз, мұнай скважинасынан оны өндіргендегі мұнаймен бірге бөлінеді.

Газды бензин дегеніміз жеңіл бензин фракциясы, ол бензинсізденген ілеспелі газ нәтижесінде алынған және қаныққан көмірсутектерден тұрады

Табиғи дегеніміз, таза газды кенорнынан өндірілген. Құрамы бойынша ол ілеспелі газдан біршама ерекшеленеді.

Газконденсат – пластты қысымы жоғары бірқатар газды кенорындары газдағы сұйық көмірсутектердің біршама мөлшері болуымен ерекшеленеді.

Мұнайзауыттық газдар. Оларда қаныққан және қанықпаған көмірсутектер болады С1 – С4. одан басқа, бұл құрам газдарына көбінесе сутек, күкірсутек пен меркаптандар кіреді.

Сұйық мұнайөнімдері (дистилляттар мен қалдықтар). Оларда бірқатар құнды компоненттер қатары бар, ол мұнайхимиясында қолданылады. Тура айдаудың бензині мен крекингінде пентандар, гександар, циклопентан, метилциклопентан, циклогексан мен оның гомологтары бар.

Сусыздандыру процесі негізіне мұнай эмульсиясын ыдырату жатады, ол мұнайдың сумен түйісуі нәтижесінде түзілген.

Конденсат - сығылған газ қондырғыдан енгізіп ГӨЗ бағыттайды.

Жанғыш газдарды кептіру. Табиғи газдарды кептіру үшін абсорбциялық процесс кең қолданылады, абсорбент ретінде жоғарыконцентрленген гликоль ерітнділері – диэтиленгликоль (ДЭГ), триэтиленгликоль (ТЭГ), сонымен қатар пропиленгликоль (ПГ) қолданылады.

Жылуалмасқан аппараттар. Оларды шикізат пен өнім процесінде қатысатын қыздыруға, булануға, конденсациялауға, суытуға қолданады.

Каталитикалық крекинг мақсаты– жоғарыоктанды бензин мен құнды сығылған газдардың технологиялық шығымы жоғары өндіріс (50% дейін және одан жоғары), сонымен қатар мұнайхимиялық процестер үшін шикізат.

Бағадат Самат қызы Селенова

Айгүл Жадыра қызы Керімқұлова


органикалық заттардың химиялық технологиясы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
(5В072100 -Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығына арналған)
Редактор

Техн. редактор


«Мұнай және газ өңдеудің химиялық

технологиясы»

кафедрасы мәжілісінің хаттамасы № ___ «____»_________2011 ж.
Мұнай және Газ институтының

ОӘК хаттамасы № ___ «____»_________2011 ж.




Таралым ____дана. Пішімі 60х84 1/16. Типографиялық қағаз №1.

Көлемі ____б.т. Тапсырыс №___ Бағасы келісімді.




Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің баспасы

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ғылыми-техникалық баспа орталығы

Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет