Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанынан бері Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүргізуде өте қиын жолдардан өтті, алайда осы жүргізген тиімді саясатының арқасында еліміз қысқа уақыт мерзімде экономиканың құлдырау кезеңінен шыға алды десек те болады. Осы ақша-несие саясатының тарихын ескере отырып, негізгі принциптерін қолдана отырып тиімді басқару көптеген мәселелерді талқылауды қажет етеді.
Қазіргі ақша-несие саясаты көбінесе “ағымға қарсы жүзуді” көрсететін сияқты, ол депрессия кезінде іскерлік белсенділікті жандандыруға және коньюнктураның қызуын болдыртпау үшін экономикалық өсуді тұрақтандыруға бағытталады.
Осы мақсаттарға жету үшін ақша-несие саясатының құралдарын пайдалану жеткілікті түрде өте жылдам нәтижелер береді. Алайда бұл нәтижелерді ешкім алдын-ала кепілдей алмайды, өйткені коммерциялық банкілердің қосымша резервтерінен босау кезінде ешкім оларды осы резервтерді қарыз беру үшін күштей алмайды.