Қорғауға жіберілді 20 ж


Ауа бассейнің күкіртті газбен және шаңмен ластаушы жылу электр станциялары



бет6/8
Дата31.05.2020
өлшемі221,55 Kb.
#71802
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Zhanbotakursovoy 1 (1)
Баяандама 29.10.19ж
2.1 Ауа бассейнің күкіртті газбен және шаңмен ластаушы жылу электр станциялары.

Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80 тонна көмір жағып, атмосфераға шамамен 5 т күкіртті ангидрид және 16-18 т күл бөледі. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететін жағылатын отынның сапасы, жағу әдістері, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетін трубалардың биіктігі. ЖЭС Газға көшіру зиянды қалдықтар мөлшерін біршама азайтады.Зиянды газдарды авиациялық транспорт та бөледі. Ж.Детридің есептеулері бойынша, реактивті самолеттер ұшу кезінде 1 сағатта 0,7 кг/м3 ангидрид,6,5 кг көміртек оксиді,1,7 кг көмірсутектер, 4,3 кг азот оксидтері қатты бөлшектер бөледі екен. Атлант мұхиты арқылы ұшып өтетін бір реактивті самолет, 8 сағат ұшу кезінде осы уақытта 25000 га жердің орманы бөлетін оттекті жұмсайды. Атмосфераның антропогенді ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ өңдеу, транспорт, термоядролық қаруларды сынау, т.б. арқылы жүреді. Бұлардың әрқайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлі қоспаларды атмосфераға бөліп шығарады. Ауа кеңістігін ластайтын қосылыстар көміртек оксидтері, күкірт пен азот қосылыстары, көмірсутектер мен өндірістік шаң-тозаң. 1 жыл ішінде атмосфераға 200 млн тонна көміртек оксиді, 20 млрд тонна көмірқышқыл газы, 150 млн тонна күкірт оксиді, 53 млн тонна азот оксидтері және 50 млн тонна түрлі көмірсутектер бөлінеді.



Биосфераның ауыр металдармен ластануы- ғылыми техникалық прогресстің аса маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Кейбір есептеулер бойынша, бүкіл адамзат қоғамы кезеңінде 20 млрд т көмір өндірілген болса, оның түрлі техника, құрал-жабдықтар, қондырғылардағы мөлшері 6 млрд т ғана, олай болса 16 млрд т темір қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге болады. Бұдан басқа жыл сайын өндірілген сынап пен қорғасынның 80-90% биосфераға таралған. Көмір жанған кезде күл және түрлі газдармен бірге қоршаған ортаға таралататын кейбір элементтердің мөлшері олардың өндірілген мөлшерінен де асып түседі. Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердің қалыпты жұмыс істеуіне , көптеген оргаризмдерге зиянды әсерін тигізеді. Ауа бассейнінің мөлдірлігінің өзгеруіне атмосферадағы көмірқышқыл газының үлкен әсері бар. Жыл сайын атмосферадағы оның мөлшері 0,4% артып отыр, қазіргі кезде атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 0.032%. Кейбір есептеулер бойынша атмосферадағы көмірқышқыл газының мшлшері әр 23 жыл сайын 2 еселеніп отырады. Көмірқышқыл газы инфрақызыл сәулені- жылу сәулесін сіңіреді, оның мөлшері белгілі бір концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Атмосфераның күкіртті газдармен ластануы қазіргі таңда аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Күкірт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлініп отыр. Күкірт оксидтері өсімдіктерге, жануарларға, адам организміне зиянды әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет