Реферат мидың екі сигналдық жүйесі



бет2/5
Дата02.12.2022
өлшемі77,27 Kb.
#160956
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мидың екі сигналдық жүйесі
Мұғалім тұлғасы және оның психологиясы, микроэкономикаа сессияя (2)
ҚОРЫТЫНДЫ
И.П. Павловтың жоғарғы жүйке қызметі туралы зерттеуінде екі сигналдық жүйе туралы ілімінің зор маңызы бар. Атақты физиолог И.П. Павловтың айтуы бойынша мидың қызметінде екі түрлі сигналдық жүйе болады.
“Сигнал” – латын тілінде – “сигнум” – қазақша – белгі, таңба деген сөз. И.П. Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да, оның табиғи мән – жайын тәжірибелік зерттеулер арқылы түсіндіреді.
Осы мәселе жөнінде И.П. Павлов былай деп жазды: “… жануарлар үшін болмыс тек бірыңғай тітіркендіргіштер арқылы және олар көретін, еститін және басқа рецепторларының арнаулы клеткаларына тікелей баратын үлкен жарты шарлардағы іздер арқылы ғана хабарланады. Бұл сыртқы ортадан, жалпы табиғаттық және әлеуметтік ортамыздан естіген, көрген және түсінгеніміз сияқтылардың дәл өзі. Бұл шындықтың бірінші сигнал жүйесі мұның өзі адамға да, жануарларға да ортақ болады...”.
Оның бірі – заттармен бетпе – бет кездескенде тері, көз, құлақ мүшелер арқылы түйсіну, қабылдау, елестету.
Бұл жануарларда да, адамда да бірдей – бірінші сигналдық жүйе. Жануарлар мен жәндіктер үшін айналадағы дыбыс, жарық толқындары, қысым, заттың химиялық құрамы, табиғи ортадағы физикалық, химиялық сипаттар сигнал болады. Бірінші сигнал жүйесі еңбек процесінің түрлерінде де маңызды орын алады. Сондай–ақ, ол – суретшінің, сазгер мен жазушының, ақын мен әртістің шығармашылық қиялының сыртқа шығуы үшін қажетті шарт. Тағылым мен тәрбие істерінде, оқыту процесінде көрнекілікті кеңінен пайдаланып отырудың психологиялық негізі – осы бірінші сигналдық жүйе болып табылады. Айналадағы болмыс пен шындық жайында дұрыс елес тудыру да бірінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты.
Екінші сигнал жүйесі жануарлар дүниесінде болмайды, жануарларда бірен – саран дыбыс реакциялары бар, бірақ бұл дыбыстарда ешқандай мкғына жоқ, ол жай биологиялық қажеттің хабары ретінде шығып отырады. Сөйтіп, жануарлар тіршілігі үшін бірінші сигнал жүйесі, бірден – бір жүйе болып табылады. Екінші сигнал жүйесі, тек адамдарға ғана тән.
Адамның әлеуметтік ортада тіршілік етіп, өзін қоршаған ортадан қажетті мәліметтер алып, елестерін, танымдық әрекеттерін неғұрлым тереңдете түсуіне мүмкіншілік тудыратын тағы бір жағдай бар, - ол екінші сигналдық жүйе. Сөз, сөйлеу, және солардың негізінде театын уақытша байланыстар екінші жүйеге жатады. Сигналдың бұл түрі адамға ғана тән. Бұл – бірінші сигналдың сигналы. Мектеп жағдайында оқу мәселесі, тәрбие жұмысына байланысты сөздің қатынаспайтын жері жоқ. Сабақ беру әдістерінің көпшілігі лекция оқуды, әңгімелесуді, түсіндіруді, көрнекі құралдарды қолданғанда оларды сипаттауды тілейді. Сондықтан сигналдық жүйедегі шартты рефлекстің алатын орны зор. Оқушылардың білімін кеңейтіп, ойын тереңдетуге екінші сигналдық жүйе шексіз мүмкіншіліктер туғызады. Мұның мәнісі мынада: адам өз сезім мүшелері арқылы танып білгендерінің мазмұны мен түр – сипатын қабылдап қана қоймай, дыбысты тіл мен сөйлеу әрекеті нәтижесінде оларды айнытпай бейнелейді. Ол шартсыз тітіркендіргіштерге сүйенбей – ақ, дыбысты сөйлеу мен сөз арқылы уақытша жүйкелік байланыстар жасауға қабілетті. Мұндай ерекшеліктің болуы адамның жоғары жүйкелік әрекетінің жәндіктер мен жануарлар әрекетінен сапалық айырмасының бар екендігін дәлелдейді. Дыбысты сөз бен сөйлеу әрекетіне сәйкес заттар мен құбылыстарды белгілеп қана қоймай, оның сипат – қасиеттерін ажыратуға да, абстракциялауға да, дерексіздендіруге де адамның күші жетеді. Сөйтіп, сөз шартты тітіркендіргіштердің рөлін атқарады. Ал жануарлар дүниесінде шартты рефлекс биологиялық мәні зор бұрынғы бейтарап тітіркендіргіштермен байланысуы қажет. Бірақ адамдар мен жануарлардың сигнал жүйелерінің арасында сапалық айырмашылық бар.
Егер адамдардың бірінші сигнал жүйесінің невртік байланыстары қоғамдық қатынастарды бейнелейтін болса, жануарлар дүниесінде бұл биологиялық сипатта болады. Мұны қарапайым мысалмен түсіндірейік. Үзіліс біткен соң қоңырау соғылады, балалал сыныптарына кіреді. Қоңыраудың дауысы балалар үшін – бірінші сигнал жүйесі. Ал үлкен үзілісте балалар мектеп маңында қоңырау дауысы естілмейтін жерде ойнауы мүмкін. Бір оқушы жүгіріп келіп: “Қоңырау соғылып жатыр!” – дейді.
Екінші сигналдық жүйені бірінші сигналдық жүйеден бөліп алуға болмайды. Олар бірімен – бірі тығыз байланысты. Екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйеге сүйеніп қызмет атқарады. Өйткені, адамның екінші сигналдық жүйе арқылы алынған білімі шындықты дұрыс бейнелемеуі мүмкін. И.П. Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы ілімі психология пәнін, адамның психикалық әрекетінін диалектика тұрғысынан дұрыс түсінуде ең қажетті құралға айналды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы.
Алматы, 2003.
Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы,
физиологиясы және гигиенасының негіздері. Оқу және әдістемелік әдебиеттер
жөніндегі республикалық баспа кабинеті. Алматы, 1993.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет