Өсімдік түқымдарының шаруашылықтағы маңызы өте зор.
Астық түқымдастар — бидай (Triticum), күріш (Oryza), жүгері (Zea), тары (Panicum) жөне т.б. өсімдіктер дәндері адамзаттың күнделікті азықтық өнімінің негізі.
Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастардың (ас бұршақ (Pisum), соя (Glicine), лобия (Vigum), фасоль (Phaseolus)) әртүрлі жаңғақтардың, түқымы майлы өсімдіктердің (күнбағыс (Helianthus), зығыр (Linum), күнжыт (Sesamum), мақта (Gossypium)) және тамақ өндірісіндегі дәмділікке қолданатын өсімдіктердің де (бүрыш (Capsicum), анис (Anisum), көкнәрі (Papaver) тұқымдары) маңызы зор.