Бұларда қоректік заттар түқым жарнақтарында жиналады.
Бұл топқа үрме бүршақ (Phaseohis), лобия, асқабақ (Cucurbita) және қайың (Betula), емен (Quercus), үйеңкі (Acer), жаңғақ (Juglans), апельсин, лимон, тағы басқа да қос жарнақты өсімдік тұқымдары жатады.
Мысалға, асқабақ тұқымының құрамы - тығыз қабықты, жалпақ ұрықты, үлпасында қорлық зат жинақтаған ірі түқым жарнақты болады. Тұқым жарнақтары әлсіз жүйкеленген, біршама кішкентай үрық осі тамыр полюсімен микропилеге бағытталған. Ось ұшында түқымның кіндігі орналасқан. Ұрықтық бүршік нашар жетілген, өркеннің өсу конусында білінер-білінбес алғашқы жапырақ көрінеді.