Сабақ тақырыбы: Осьтік симметрия Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/4
Дата25.10.2022
өлшемі371 Kb.
#154822
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Сарманова Л. № 1 сабак осьтік симметрия
тогызкумалак, тогызкумалак, 5 б сынып, 5 б сынып, ЖБ№1 қазақ тілі, С з м дениетҰ, С з м дениетҰ, Қош келдің, киіз үй, AMANAT
3. «Кім шапшаң» әдісі.
Тапсырма1.
Қолдарыңыздағы суреттер тобын қалайда бір қасиетпен біріктіріңіздер.
Әрбір топтастырған суреттеріңіз қандай қасиетпен біріктіргеніңізді ойластырып, түсіндіріңіздер.
Мақсаты:Проблеманы тудыру, алдын-ала жұмыс істеудегі қиындықтарды реттеу.
Мұғалім оқушыларды топқа бөлу үшін оқушыларға центрлік симметриялы, осьтік симметриялы және симметриясы жоқ суреттер тобын таратады;
тапсырма шартын түсіндіреді; таныстырылым арқылы
симметрия ұғымы туралыбаяндайды; оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы бағдар береді.
Оқушылар мұғалім баяндауын тыңдайды, ойланады және сұраққа жауап береді; симметрия түрлерінің болу мүмкіндігін қарастырады, болжамдар жасайды;гипотезаларын ұсынады, өз пікірін білдіріп, негіздейді, басқалардың пікірін тыңдап, ортақ шешімге келеді.
Олар қорытынды жасайды: 1 топқа центрлік симметриялы, 2-ші симметриясыз, 3-ші сол және оң жақ бөліктері тең, түзуге қарағанда симметриялы фигуралар топтастырады.
Бүгінгі сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін қалай тұжырымдай аласыздар?
Жаңа тақырыпты ашады.

Презентация



Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин
15 мин



Топтық жұмыс. «Кинометафора» әдісі. Мақсаты: жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгерту
Тапсырма2.
Видеодағы кез келген бірдей екі суретті алады. Парақ бетіне а түзуін сызып, оның бойымен парақты бүктеңдер.
Бүктелген парақтың сыртқы бетіне қандай да суреттің жартысының суретін салыңдар. Қағаздағы салынған суретті қайшымен қиып алыңдар. Қағаздың бүктеуін жазыңдар.
Сонда қандай сурет алынды?
Алынған суретті салыстырыңдар?
Әр топ өз қорытындыларымен бөліседі.
Қорытынды: Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Симметриялы фигуралар өзара тең болады.
Бағалау критерийі:

  • танымдық(ұғымды талдай алады, байланыс орнату, логикалық тізбекті құру);

  • коммуникативті (диалог жүргізе біледі, ынтымақтастықта әр түрлі пікірлерді ескеріп, оз ойын негіздейді және айта алады);

  • жеке (сыни ойлайды);

  • реттеу (өзін-өзі бағалау қабілеті).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет