Біз биыл математика пәнінің бір саласы «Геометрия» пәнін оқуды бастадық. Осы уақыт аралығында пәннің міндетін түсініп қана қоймай, негізгі фигуралармен танысып, олардың қасиеттері мен белгілерін тұжырымдайтын біршама аксиомалар мен теоремалар қарастырып, оларды есептер шешуде, дәлелдеулерде қолдандық.
Математикалық білім-дағдыларын күнделікті өмірде қолдану, айналамызда туындайтын математика көмегімен шешімін табатын жолын анықтай білу , осы мәселелерді математика тілінде қарастыра, математикалық әдістер арқылы шешімін таба білу, алынған нәтижелерді қойылған мәселенің шешімі бола алатындығын дәлелдей алу - осының барлығы сіздердің бойыңыздан табылатын болса, онда сиз математикалық сауатты болдыңыз.
Ендеше бүгінгі сабақта сіздердің математикалық сауаттылықтарыңызды бағалау мақсатында жоба жұмыстарыңыздың нәтижесін қараймыз.
«Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, кәне ой жарыстырып көрелік.
Жоба қорғау сайысы
Нұрай, Наргиз, Саида “Өнер саласындағы геометрия”
Мақсаты : Геометрияның өнермен және архитектурамен байланысын көрсету.
Математика өмір тіршілігіне қажет ғылым. Қоғамда ана тілі қалай қолданылса, математика тілі де сондай қажет, ол табиғаттың тікелей тілі, оны сүйіп, оқып үйреніңіздер. Сырын ашыңыздар. Сыйлығыңыз алдыңызда күтіп тұр!
Достарыңызбен бөлісу: |