Түсіндірме хат



бет6/6
Дата04.02.2020
өлшемі110,85 Kb.
#57149
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сайыс саб0, 1536818841

Нені біледі: Айқын түстермен Әтеш пен Бақаның суретін салуды.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Қашқаргүл

Мақсаты: Қашқаргүл туралы тақпақ оқып жаттату. Мүсіндеу арқылы балалардың қол икемділіктерін жетілдіру.

Әдіс – тәсілдер:Тақпақ жаттату, түсіндіру, орындату,бекіту.

Сөздік жұмыс:Қашқаргүл

Билингвальды компонент: қашқаргүл – астра, гүл – цветы, бақша гүлі – садовые цветы

Қолданатын көрнекі құралдар: қашқаргүлдің суреті, ермексаз, тақтайша, орамал.


Іс-әрекет кезеңдері:

Педагогтің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Алдын ала тақырыптық сурет арқылы әңгімелесу.




Балалардың қызығкшылығы болады.

Ұйымдастырушылық

кезеңі

Шаттық шеңбер

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік.
Табиғат бұрышымен жұмыс жүргізу

Жыл мезгілдеріне тоқталу.

Ай аттарын сұрау.

Апта күндерін атау.

Ауа райын бақылау.
Мен оқу іс – әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр.
Жұмбақ

Өз қандай нәзік,

Су құйсаң кетеді.

Алақанын жазып.

(Гүл)
Гүлдер нәзік әдемі алуан түрлі болады.

Сонымен қатар жер бетіне көрік беріп тұрады. Гүлдер нәзік болғандықтан оны үзіп алғаннан кейін, өте ұзақ тұрмайды.

-Гүлдердің қандай түрлерін

білесіңдер?

-Гүлдер адамдарға не сыйлайды?

-Гүлді кімдерге сыйлауға болады?

-Гүлдер қайда өседі?

-Мысалы далада өсетін гүлді дала гүлі дейміз,қырда өсетін гүлді қыр гүлі дейміз,бақта өсетін гүлді бақша гүлі дейміз.Соның ішінде бақша гүлінің бірі қашқаргүлмен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға қашқаргүлдің суретін көрсетіп, таныстырады.

-Ал,балалар қашқаргүлмен таныстық,енді осы гүлді ермексаздың көмегімен мүсіндейік.

Тәрбиеші балаларға бағыт-бағдар беріп,ермексазбен қашқаргүлдің жасалу жолдарын көрсетеді.

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Балалардың жауабы.

Жұмбақтың шешуін табады, есте сақтайды.

Сұрақтарға толық жауап береді.
Балалар суретке назар аударады, қашқаргүлмен

танысады.


Балалар тәрбиешінің көмегімен қашқаргүлді мүсіндейді.

Рефлексиялық түзетушілік

Орындаған жұмыстарын қарап, талдау жасайды.

Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, балалар өздері жасаған қашқаргүлдің жақсы жасалғанын, дұрыс орындалғанын атап өтеді.

Балаларды мақтап, мадақтап жұлдызша сыйлайды.


Өздері жіберген кемшіліктерін өздері анықтайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қашқаргүлдің бақша гүлі екендігін және түрлерін.

Нені игерді: Ермексаздың көмегімен қашқаргүлді мүсіндеуді.

Нені біледі: Жасаған жұмыстарын көрсете білуді.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Үйрек

Мақсаты:балаларды үйрекпен таныстыру, тұзды қамырды пайдалану арқылы

үйректі жасауды үйрету, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру.


Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру,бекіту.

Сөздік жұмыс: үйрек, тұзды қамыр.

Билингвальды компонент: үйрек – утка, үй құсы – домашняя птица.

Қолданатын көрнекі құралдар: тұзды қамыр, акварель бояуы, тақтайша,

орамал.



Іс-әрекет кезеңдері:

Педагогтің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Алдын – ала суретпен жұмыс




Балалар зейін қойып көреді

Ұйымдастырушылық

кезеңі

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы таң, Қайырлы күн.

Күліп шықты күн бүгін!
Табиғат бұрышымен жұмыс жүргізу

Жыл мезгілдеріне тоқталу.

Ай аттарын сұрау.

Апта күндерін атау.

Ауа райын бақылау.
Балаларды үй құстарымен таныстыру

Үй құстарының аттарымен олардың пайдасын түсіндіру.

Үй құстарының бірі үйрекпен ерекше таныстыру. Үйректің біз етін жейміз, оның беретін пайдасы көп.

Енді көп үйректі тұзды қамырмен илеп мүсіндейміз.

Жасалу ретін түсіндіріп айтады.


  1. Қамырды алып үйректің бейнесін мүсіндейміз

  2. Үйректің басын, көзін жасайды.

  3. Үйректің мүсінін жасап, болғасын кептіріп акварель бояуымен үстін бояймыз.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл тынығып аламыз.
Тәрбиеші жұмыстарын қадағалап, бағыт бағдар беріп мүсіндеуді аяқтатады.
Дидактикалық ойын:

Не артық?




Балалар іс – әрекетпен орындайды.

Балалар жауап береді.


Мұқият тыңдайды.


Балалар жұмыс жасауға қызығушылықпен кіріседі.


Қимыл іс – әрекетпен орындайды.

Қызыға ойнайды.


Рефлексиялық түзетушілік

Тәрбиеші балалардың жұмысына талдау жасайды. Жақсы жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырылады. Балаларды мақтап, мадақтайды.

Жасалған жұмыстарын көрмеге қояды.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Үй құстарын ажырата білу керек.

Нені игерді: Тұзды қамырмен жұмыс жасауды

Нені біледі: Ұқыпты жұмыс жасауды.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы:Қысқы киімдер

Мақсаты:Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсініктер беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, көрсету, ойын, бекіту.

Сөздік жұмыс: малақай, құлақшын.

Билингвальды компонент: Шуба – тон, шарф – мойынорағыш,сапоги – етік

Қолданатын көрнекі құралдар: суреттер, қысқы киім киген қуыршақ, желім, қайшы, ақ қағаз, мата түрлері.

Іс-әрекет кезеңдері:

Педагогтің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Қыс мезгілі бейнеленеген суреттер арқылы әңгіме құрау.

Балалардың қызығушылығын ояту.

Ұйымдастырушылық

кезеңі

Шаттық шеңбері

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын жақта қорғаймыз,

Біздің топта ұл – қыздар,

Тату – тәтті ойнаймыз.

Табиғат бұрышымен жұмыс жүргізу

Жыл мезгілдеріне тоқталу.

Ай аттарын сұрау.

Апта күндерін атау.

Ауа райын бақылау.
Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы қысқы киімдердің суретіне аудартады.


  • Балалар қыс мезгілінде біз қалай киінеміз?

  • Мына суреттегі балалардың үстіндегі киімдерді ата?

  • Балалар жыл мезгілінің қайсысына сай киінген?

Олай болса балалар бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы «Қысқы киімдер» - деп аталады.

Балаларға киімдер бейнеленген суреттер таратылады.

Мысалы: малақай – құлағы бар жылы бас киім, құлақшын.

Сөздік жұмысын жүргізу

Ыс – ыс – ыс келді қыс,

Ақ – ақ – ақ біз тебеміз сырғанақ.

Тәрбиеші балаларға әр түрлі мата түрлерін көрсетіп, таныстырады. Сол мата түрлерін пайдаланып, қысқы киімдерді жапсыруды тапсырады.



  • Ал, енді балалар осы мата түрлерін мен сендерге пішіп беремін, пішілген матаны, қайшымен қиып, шыққан қысқы киімді қағаз бетіне жапсырамыз.

Сергіту сәті

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қолыңа қолғап кимесең,

Суық өтер жан - жақтан.

Балалардың қайшыны дұрыс ұстауына көмектеседі. Қиылған қысқы киімдерді ақ қағазға дұрыс жапсыруға бағыт – бағдар береді.



Балалар қимыл іс – әрекетпен орындайды.
Балалар жауап береді.

Суретке назар аударады.


Сұрақтарға жауап береді.

Балалар киімдерге сипаттама береді.

Бірге қосылып қайталайды.


Пішілген маталарды қайшының көмегімен қиып, қағаз бетіне жапсырады.

Қимыл іс – әрекетпен орындайды.



Рефлексиялық түзетушілік

Дидактикалық ойын

«Қуыршақты киіндір»



  • Біз бүгін немен таныстық?

  • Қысқы киімдерді кім айтады?

  • Не қиын болды?

Балалар қызыға ойнайды
Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуі керек.

Нені игерді: Дайын пішілген матаны қиып киім құрастыруды.

Нені біледі: Ойын арқылы қысқы киімдерді ажыратуды.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Вариативтік компонент» Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Қоңыраугүл

Мақсаты: «Қоңыраугүл» туралы тақпақ жаттау. Сурет салуға қызығушылығын арттыру, қарындашты оң қолмен ұстауға үйретіп, жаттықтыру.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, таныстыру, бекіту.

Сөздік жұмыс: Қоңыраугүл

Билингвальды компонент: Қоңыраугүл – колокольчик, дала гүлдері –полевые птицы, қыр гүлі – горные цветы.
Қолданатын көрнекі құралдар: гүлдердің суреттері, акварель бояу, ақ қағаз.


Іс-әрекет кезеңдері:

Педагогтің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

(Сурет) Алдын – ала сурет арқылы жұмыс жүргізу.

Балалар қызығушылығын арттыру

Ұйымдастырушылық

кезеңі

Шаттық шеңбер

Балалар жиналды бір топқа

Сен менің, мен сенің досыңмын

Қане, қолды бер досым,

Бірге ойнайық қуана.
Табиғат бұрышымен жұмыс жүргізу

Жыл мезгілдеріне тоқталу.

Ай аттарын сұрау.

Апта күндерін атау.

Ауа райын бақылау.
Балаларды тақтадағы суретке назарын аудартады.

Суреттегі гүлдердің түрлерімен таныстырады.

Гүлдер неше түрлі болып бөлінеді: дала гүлі, қыргүлі, бақшагүлі болып бөлінеді.

Дала гүлдері – далада өсетін гүлдерді айтады.

Қыр гүлдері – қырда өсетін гүлдерді айтады.

Бақша гүлдері деп – бақшада адамның күтіп баптауымен өсетін гүлді айтады

Осы гүлдердің бірі қоңырау гүлді бүгін біз суретін саламыз. Қоңырау гүл деп қоңырауға ұқсайтын болғандықтан қоңыраугүл деп атаймыз.

Енді осы гүлді салуға кірісейік.

Ал қағаз бетіне бірінші жәй қаламмен гүлдің бейнесін салып алайық.

Сосын артынан акварельмен бояймыз.



Сергіту сәті.

Күндей болып күлеміз

Гүлдей болып өсеміз

Құсатар болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз
Ал ары қарай суретімізді аяқтайық.

Шеңберде тұрып жасайды


Балалар жауап береді.


Балалар назарын аударады.


Сұрақ – жауап арқылы балалар түсінеді.

Сурет салуға кіріседі.

Қимылмен жасайды.

Суреттерін аяқтайды.





Рефлексиялық түзетушілік

  • Қандай гүл атауларын білесің

  • Гүлдер қаншаға бөлінеді екен

  • Әді салынған гүлдерді көрмеге апарып қояйық!

Балалар сұраққа жауап береді, көрме жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Гүлдердің атауын

Нені игерді: Гүлдің бөліктерін

Нені біледі: Ұқыпты етіп сурет салуды.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Молшылық береке

Мақсаты: Балаларға молшылық, береке туралы ұғым беріп, нақыл сөздер

үйрету. Жеміс – жидектерді әр түрлі материалдардан жасау. Түрлі

материалдардан жұмыс жасауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру.

Әдіс – тәсілдер: Молшылық – берекені түсіндіру, көрсету, жасату, бекіту

Сөздік жұмыс: Молшылық – береке, ырыс.

Билингвальды компонент: молшылық – достаток, береке – изобилие, себет - корзина.

Қолданатын көрнекі құралдар: табиғи материалдар, түрлі – түсті қағаздар, ермексаз, күздің суреті.

Іс-әрекет кезеңдері:

Педагогтің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Алдын – ала суретпен жұмыс жүргізу.

Балалар назарын аударады.

Ұйымдастырушылық

кезеңі

Шаттық шеңбер

Армысың, көк Аспан!

Армысың, Жер Ана!

Армысың, жан досым!

Міне, қолым бос,

Жылуыма жылу қос.


Табиғат бұрышымен жұмыс жүргізу

Жыл мезгілдеріне тоқталу.

Ай аттарын сұрау.

Апта күндерін атау.

Ауа райын бақылау.
Балаларды күздің келбеті бейнеленген суретті көрсетіп таныстырады. Күз туралы түсінік береді. Күздің бізге, берер ырысын, молшылығын, берекесін айтып түсіндіреді.

Ырыс алды – береке деген мақалға мән бергізіп түсіндіреді.

Күздің берер жемістерін, көкөністерін айтып, олардың атауларын ататып айтады.
Дидактикалық ойын

«Көкөністер мен жемістер»

Ойын шарты: Күздің берген байлықтары көкөніспен, жемістерді шашады, балалар соларды екі себетке ажыратып салу тиіс.

Ал, енді алдымызда әр түрлі материалдар бар, солардан біз, әркім өзі қалаған жемісін немесе көкөністерін жасаймыз.


Сергіту сәті

Бұғының үйі улкен,

Терезеден қарады ол

Қолы жүгіріп келеді

Достым, достым есік аш

Орман толы аңшы қаш

Достым, достым үйге кір

Менімен бірге өмір сүр




Қимылдармен орындайды.

Жауап береді.


Балалар мұқият тыңдайды.

Қызығушылықпен жасайды.
Балалар аяқтайды.

Қимылмен жасайды.




Рефлексиялық түзетушілік

  • Молшылық, береке деген сөзді қалай түсінеміз?

  • Күздің берер сыйы қандай?

  • Табиғи заттар ұнады ма?

  • Осы жасаған заттарыңды көрмеге қойыңдар!

Балалар сұраққа жауап береді.
Көрме ұйымдастыру


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Күздің берер байлығын

Нені игерді: Молшылық – береке туралы игерді.

Нені біледі: табиғи материалдармен жұмыс жасауды.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Орманда

Мақсаты: Балаларға орман туралы әңгімелеу балалардың ынта – ықыласын

арттыру, көтеріңкі көңіл – күй туындату.



Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, бекіту.

Сөздік жұмыс: Орман

Билингвальды компонент: күз мезгілі – осенний сезон, жаз мезгілі – летний сезон көктем мезгілі – весенний сезон.

Қолданатын көрнекі құралдар: орман суреттері.желім, қайшы, қағаз.


Іс-әрекет кезеңдері:

Педагогтің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Алдын ала суретпен жұмыс жүргізу.

Балалар назарын аударыды

Ұйымдастырушылық

кезеңі

Шаттық шеңбері

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Сәлем дейік үлкенге

Қосылып бірге айту
Табиғат бұрышымен жұмыс

жүргізу

Жыл мезгілдеріне тоқталу.

Ай аттарын сұрау.

Апта күндерін атау.

Ауа райын бақылау.
Балаларды орманның суреттерімен таныстыру. Орман жылдың 4 мезгілінде қалай өзгеріп тұрады?


  1. Суретте орманның көктем мезгіліндегі уақыты

  2. Суретте орманның жаз мезгіліндегі уақыты

  3. Суретте орманның күз мезгіліндегі уақыты

  4. Суретте орманның қыс мезгіліндегі уақыты.

Осы орман суреттерінің айырмашылығын анықтап, түсіндіру.

Жазда көк, көктемде көк, күзде сары түске, қыста аппақ түске айналатынын білдік.

Енді осы орманды қағазға түрлі – түсті қағаздармен орманның бейнесін жапсырамыз.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп – теріп алайық,

Қалтамызға салайық.
Балалардың жапсырған суреттерін тәрбиеші мұқият қарап, көмек керектеріне, көмектесіп, басқа балаларды мадақтайды


Шеңберге тұрады

Балалар жауап береді


Балалар мұқият тыңдайды


Сүреттерге мұқият, зейін қойып қарайды.

Тапсырманы қызығушылықпен орындайды

Қимыл іс – әрекеттермен орындайды.

Балалар қуануда


Рефлексиялық түзетушілік

  • Орман дегенімізді қалай түсінеміз?

  • Төрт мезгілді атаңдар?

  • Жыл мезгілінде дала қандай түске бөленеді?

  • Осы жасаған заттарыңды көрмеге қойыңдар!

Балалар сұраққа жауап береді

Көрме ұйымдастыру.




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Жылдың төрт мезгілге бөлінетінін

Нені игерді: орман туралы ұғымды үйренді.

Нені біледі: 4 жылда орман төрт түске боялатынын

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Қайықша

Мақсаты: Балаларға қайық туралы әңгімелеп тақпақ жаттау. Қайықшаны түрлі қағазбен бүктеу тәсілдерін жасауға жаттықтыру..

Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру.

Билингвалды компонент: қайықша-катер

Сөздік жұмыс: қайықша

Көрнекіліктер: тақырыптық сурет

Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Алдын ала тақырыптық сурет арқылы жұмыс жүргізу.

Балалардың қызығушылықтары артады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбер:
Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ,
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақ.

Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізіледі:
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.

Көліктер үш түрге бөлінеді.


Олар: жер көлігі, әуе көлігі, су көлігі. Осы көліктердің ішінен бүгін біз су көлігінің бірі қайықшамен танысамыз.

-Балалар көліктердің бір түрі су көліктерін атап өтейікші?

-Қайық, кеме. Соның бірі қайықты жасап көрейік.

Ал балалар, алдымыздағы қағаздардан бүктеу әдісі арқылы қайықша жасаймыз.


Жұмыстың орындалу ретімен таныстырып өтейін.

Сергіту сәті:
Жаз келіпті дегенше,
Алма пісті дегейсің.
Бағымызда ендеше
Алма тарту көбейсін.
Жаз келіпті дегенше,
Қарбыз пісті дегейсің,
Бақшамызда ендеше
Қарбыз жинау көбейсін.

Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді.


Өлең жолдарымен қимыл көрсетеді.

Балалардың

жауаптары

тыңдалады.

Шешуін табу, есте сақтау.


Балалар жұмысқа кірісіп кетеді.

Қимылмен көрсетеді.




Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жұмыстарына талдау жасау. Жақсы жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру. .

Балалар салған суреттеріне сипаттама береді.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: қайықшаны бүктеу әдісі арқылы жасауды;

Нені игерді: сюжетті композиция құрастыруды игерді;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.

Технологиялық картаны толтырған:



Технологиялық картаны тексерген:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет