Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар? Төрт жыл мезгілі бар. Жаз, көктем, күз, қыс.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі.
Қыс айларын атаңдаршы? Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?
1 желтоқсан тұңғыш Президент күні. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.
Ал балалар қыс мезгілі туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Қыс мезгілінде ойнайтын қандай ойын түрлерін білесіңдер?
Шанамен сырғанау, коньки тебу, сырғанақ, аққала жасау.
Ал балалар сендер қыс мезгілінде қандай киім киетіндеріңді білесіңдер ме? Олай болса балалар бүгін қысқы киім түрлерімен танысамыз.
Сыр сандықтағы сөздермен танысу: пима, тон, ішік, байпақ.
Малақай – құлағы бар жылы баскиім, құлақшын.
Пима – жүннен басылған қысқы аяқ киімдер.
Тон – иленген қой терісінен, жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.
Ішік – іші жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.
Байпақ – етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық. Байпақтың сыртынан кебіс те киеді.
(Суреттен қысқы киімдерді көрсету)
Үстел үстіне көрме ұйымдастырып , балаларға көрсету.
Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрау.
Сергіту сәті.
Ал балалар сергіп алсақ дәптердегі Өтепберген Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» санамағымен танысамыз.
Ө.Ақыпбекұлы 1950жылы 8 қазанда Алматы облысы , Қапал ауданында дүниеге келген . Ақын, жазушы, аудармашы,
балаларға арналған көптеген шығармалары бар.
Өлеңдерінің бірі санамақпен танысамыз.
Санамақ өлеңін балаларға оқып беру.
Санамақ өлеңіндегі тымақ - ол баскиімнің бір түрі , ертеде аталарымыз аң –құсқа шыққанда киген.
Бір санында қандай киім түрі бар? Бөрік
Екі санында қандай киім түрі бар? Етік
Үш санында қандай киім түрі бар? Ішік
Төрт санында қандай киім түрі бар? Тымақ
Бес санында қандай киім түрі бар? Байпақ
Балалар 1 – ден 5- ке дейін санайық . Кері санайық
Қай топ жылдам ойыны:
Балалар сендерге үш топқа тапсырмалар беремін бірінші топ мына киімдердің арасынан қысқы бас киімдерін бояу.
Екінші топ сырт киімдерін .
Үшінші топ аяқ киімдерін .
Балалар қыс туралы, қысқы киімдер туралы жұмбақ білесіңдерме?
|