Динамикалық диапазонның дамуы. Динамикалық диапазонмен жұмыс істеу бір жаттығудан басталады. Жаттығу mp – дан немесе mf – дан басталады, бұл дыбыс күшін дауыс диапазонының қой бөлігінде болсада сақтау керек. Одан кейінгі талап нюанстарға қойылады р және f. Басында қай нюанста болсада осы дапуыс күші сақталады, кейіннен жылжымалы нюанстар қолданылады: крещендо және дименуэндо. Жылжымайтын нюанстарға келгеде 12, 13, 14 – ші жаттығулар, яғни бір дегенде f – ға басталып, ал қайталанғанда р –ға қайталанылатында. Әншілер назарына р — ға айтқанда дауыстың аппарат бұлшықеттері f – ға айтқандай сақталуы керек. Жылжымалы нюанстар крещендо және деминуэндо орындаушылық тәжірибесінде ең қиын болып саналады. Икемсіз әншілер көпшілігі дыбыс күшінің өсуін немесе азайып бір нюанстан келесіге ауыстырып өтуі. Мысалы: крещендо орынына р – дан f – ғаөтуі. Жақсы крещендо болу үшін бастамасында жақсы р – но болуы керек, ал деминуэндо керісінше.
Тембрлік жұмыс. Әрбір әншінің дауыс тембрі оның дауыстық регисторының типі арқылы жақын әншілік позициясы арқылы және әншілік вибратоның сапасына қарай анықталады. Дауыстық тембрде дыбысталуына — дыбыс күші және жоғарылығы, атака түріне, дауысты типіне, артикуляция қажет. Хордың көркемдік орындаушылық деңгейін арттыру үшін барлық дауыс регистрына сай тесситурада орындалуы тиіс. Тембрлік жұмыс істеу дауыс күйін примарлық тондардан бастауы керек. Хорда тембрмен жұмыс істеудің бір талабы – дауыс дыбысталуының регисторлық переходтардың көмегімен өз ретіне келтіру. Бұл үшін түрлі жаттығулар қолданылады; біріншіден төменнен және жоғарыдан дыбыстық қатарлар, содан соң төменнен жоғарылауын секіртпелер арқылы арпеджиолар кеңейту. Дыбыс жоғарылығымен динамикалық диапазонға арналған жаттығулар тембрге де қолданылады.