74
қолданылған тосын сөздің астарлы мәнін түсіне алмай, оның мәтінін
оқуға қандай да бір қызығушылығы туындамайтын сәттер жиі кездесіп
жатады. Бұндайда журналист шығармасының оқылуы екіталай.
Айталық, «
Iргемiзде ... аждаhа!
» (З-Қ. – 02.08.1996) мақаласы.
Мақала тақырыпатын,
ашығын айтсақ, қабылдауға жеңіл, құлаққа
жағымды деп айту қиын. Осы аттас мақаланы реципиент үлкен
ыждағатпен оқитындығы күмән тудырады. Оны оқыса-дағы іс жүзінде
автор Лобнор мен Семей полигондары
жарылысынан шеккен зиян
туралы баяндап, мақала атауында біраз асыра сілтеп жібергендігіне
көзі жетіп, наздануы әбден ықтимал. Ал журналистикада оқырманның
көңілі бәрінен де маңызды. Кейде реципиент бір ғана мақалаға көңілі
толмағандықтан, барлық басылымнан ат-тонын ала қашуы мүмкін,
сондықтан бұл істе «артық қылам деп, тыртық қылып жібермей», абай
болған жөн.
Сонымен қатар ситуативті окказионализмді мақала тақырыпатында
қолданбас бұрын, оның реципиент санасына әсер етудегі эстетикалық,
эмоционалды
қырларын
да
ескеру
керек.
Өйтпеген
күнде,
Т.В. Матвеева айтпақшы, «оқырман назарын
аудару міндеті этикалық
міндеттерді басып тастайды» [135, 260-261]. Мысалы, «
Достарыңызбен бөлісу: