1.7. Минералды заттар. Олардың тамақтанудағы ролі. Минералды заттар -
алмастырылмайтын
тағам
компоненттеріне жатады, ағзада жүріп жататын биохимиялық
құбылыстарға қатысады. Ақуыз және кӛмірсу тасымалдануында
минералды заттар маңызды роль атқарады. Тұз-су алмасу қалыпты
жағдайын қамтамасыз етеді. Ересек адамдардың минералды
заттарға тәуліктік қажеттілігі (3 кесте). Тұздық аштықта
денсаулықтың бұзылулары байқалады. ОНЖ-ң жұмысының
бұзылуы натрий жетіспеушілігінде, фосфор, бром, жоқ болған
кезде дамиды.
Натрий, кальций, хром асқорыту жүйе бездерінің қызметінің
бұзылуының әсерін кемітеді. Иод жетіспеушілігінен қалқанша без
қызметі бұзылып, зоб ауруына алып келеді. Фосфор мен магний
23
кӛп немесе май және майда еритін дәрумендердің аз болуы
кальцийдің сіңірілуін тӛ-мендетеді. Бұдан кейін балаларда
сүйектену құбылысы тӛмендейді де мешел (рахит) ауруы, ал
ересектерде остеопороз дамиды.