Ерманова с. А


Судың эпидемиологиялық маңызы



Pdf көрінісі
бет27/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF

3.6. Судың эпидемиологиялық маңызы 
 
Судың  эпидемиологиялық  қасиетін  дұрыс  қалыпта  ұстамаса 
денсаулық  үшін  ӛте  қауіпті.  Техникалық  және  тазалық  тәртібі 
бұзылған  жағдайда  су  арқылы  түрлі  жұқпалы  аурулар  таралады: 
тырысқақ,  іш  сүзегі,  сальмонеллез,  дизентерия,  туляремия, 
бруцеллез,  вирусты  гепатит.  Мұндай  аурулардың  таралуы 
(эпидемия)  Гамбургте,  Лондонда,  Ростовта,  Делиде,  Теміртау, 
Павлодар,  Астанада  байқалған.  Сонымен  бірге  ластанған  сумен 
паратиф А және Б, су
 
безгегі, полиомиелит аурулары таралатыны 
дәлелденген. 


49 
 
Бүкіл  дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  мәліметі 
бойынша  80%-  ауру  судың  эпидемиологиялық  сапасының 
нашарлығынан. 
Судың  эпидемиологиялық  қауіптілігі  туындауы  үшін  3 
жағдай керек: 
-  суға ауру пайда қылатын микроб түсу қажет; 
-  қауіпті  микроб  ӛзінің  ӛмірін  сақтауы  қажет  (сальмонелдер 
2-12 күн шыдайды, тырысқақ вибрионы - 5 ай); 
-  
ауру таратқыш микроб сумен ағзаға қабылдануы керек. 
Ластанған  сумен  ағзаға  патогенді  микробтармен  бірге 
лямблия  мен  аскарида  жұмыртқасы,  анкилостома  жұмыртқасы, 
шистоматоз қоздырғышы енуі мүмкін. Судың ластануын мынадай 
әдіспен  зерттейді,  оның  негізінде  судағы  ішек  таяқшасының 
мӛлшерін  анықтау  жатады,  бұл  нәжіспен  ластанудың  кӛрсеткіші 
болып есептелінеді. 
Айтылған  мақсатқа  2  лабораториялық  кӛрсеткіштер 
қолданылады:  коли-титр  құрамында  1  ішек  таяқшасы  бар  судың 
ең аз мӛлшері және коли-индекс 1 литр судағы ішек таяқшасының 
саны, сонымен қатар сапрофитті бактериялық ластануды анықтау 
үшін  1  мл  судағы  ет  пептонды  оларға  егілген  колония  мӛлшерін 
анықтайды. 
Жұқпалы  ауруларға  қарсы  жер  жүзінде  қаншама  шаралар 
қолданса  да  су  арқылы  тарайтын  аурулар  саны  кӛп,  безгекпен  - 
800  млн,  трахомамен  -  500  млн,  шистосомозбен  -  200  млн, 
гастроэнтеритпен - 400 млн. Жыл сайын гастроэнтеритпен 4 млн. 


50 
 
жас  балалар  және  18  млн.  ересектер  ӛлімге  душар  болады. 
Сондықтан ауыз  судың  сапасын жақсартып жұқпалы аурулардың 
алдын алу шараларын қадағалау қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет