Ерманова с. А



Pdf көрінісі
бет24/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF

3.4.
 
Судың 
химиялық 
қҧрамы, 
оның 
халық 
денсаулығына әсері 
Су  химиялық  құрамы  жағынан  сутегінің  2  атомы  мен 
оттегінің 1 атомының қосылысы болып табылады. 
Суда барлық кезде кӛптеген заттар мен элементтер кездеседі, 
тек дистиляция арқылы оны басқа қоспалардан ажыратуға болады. 
Сонымен  қатар  суда  неорганикалық  заттардың  ішінде  кальций 
және  магний  тұздары  кездеседі,  олар  судың  қаттылығын 
анықтайды,  сонымен  бірге  хлоридтер  мен  сульфаттарға  жататын 
минералды  ингридиенті  болып  темір  табылады.  Ол  жер  асты 
суларында  бикарбонат  түрінде  кездеседі.  Басқа  неорганикалық 
тұрақты  қосылыстарына  микроэлементтерді,  беримит,  марганец, 
мыс, молибден, мышьяк, қорғасын, селен, стронций, фтор, цинкті 
жатқызуға  болады.  Сонымен  бірге,  суда  аммиак  тұздары,  азот 
және  азот  тұздары  кездесуі  мүмкін.  Судың  химиялық  құрамы 


45 
 
оның  физикалық  қасиетін  анықтау  керек.  Оның  ішінде  ең 
қызықтыратындары: түсі, иісі, дәмі, мӛлдірлігі, бұлдырлығы. 
Суға әртүрлі химиялық заттар қосылып жатады. Егер оларды 
қадағалап  тазартып  тұрмаса  мұндай  жағдай  денсаулыққа  зиян. 
Адам  судың  ӛзінің  табиғи  химиялық  құрамы  арқылы  да  улануы 
мүмкін немесе сыртқы ортаның әсерімен ластану арқылы зиянды 
болуы ескеріледі. 
Суда  кӛп  кездесетін  минералды  заттардың  ағзаға  әсері 
туралы  сұрақ  қазіргі  кезде  ең  ӛзекті  болып  есептелінеді.  Суда 
минералдылық  деңгейі  жоғары  болса  денсаулыққа  тиімді  емес, 
ағзаны  ауруға  шалдықтырады.  Судағы  минерал,  тұзының  құрғақ 
қалдығы  1000  мг/л  шамамен  шектеледі,  одан  асып  кетсе  су  ащы 
және тұзды дәм тартады. Суда хлор және сульфат тұздары 350-500 
мг/л-ден кӛп болса, судың дәмі кермек және тұзды болып келеді. 
Таза ауыз судың құрамында 1000 мг/л құрғақ қалдық болады 
дедік. Егер ол 1-25 гр болса, онда су тұздылау дәмге ие, ал егер 2,5 
грамнан кӛп болса - тұзды дәм сезіледі. 
Судың  минералдылығы  ӛте  жоғары  болған  жағдайда  ағзада 
мынадай ӛзгерістер байқалады: 
-  ағзада сілтілік-қышқылдық тепе-теңдік бұзылады; 
-  қанда азот қалдығы кӛбейеді; 
-  қанда ақуыздың мӛлшері кӛбейіп кетеді; 
-  қан тамырлары мен жүректің қызметі әлсірейді; 
-  ағзада су-тұз тепе-теңдігі бұзылады. 


46 
 
Кейінгі  кездерде  халық  минерал  тұздарынан  тазартылған 
сумен  қамтамасыз  етіліп  жүр.  Сондықтан  судағы  минерал 
тұздарының  ең  тӛменгі  деңгейін  анықтау  жаңа  мәселе  болып 
туындап  отыр.  Бұл  да  ағзаға  қолайсыз  жағдай,  ӛйткені  минерал 
тұзы  аз  суды  пайдаланғанда  жасушалардағы  натрий  қанға  ӛтіп 
кетеді. 
Ауыз  суды  жалпы  минералдаудың  гигиеналық  талабы  оның 
құрамындағы  бӛлек  ингредиенттердің  ара  қатынасымен  тығыз 
байланысты. 
Антропогендік  химиялық  және  биологиялық  заттардың  суға 
қосылуынан 
туындайтын 
аурулар 
олардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет