Нәсілдік және этностық ңатынастарды зерттейтін қүрылымдықфункциялық
теория ғалымдары қоғамдағы теңсіздікті бәсеңдегу жолдарын анықтап,
жағдайды өзгертіп, сол арқылы азаматтық соғыс сияқты конфликтілерге
жол бермей (Winant, 2000), қарекетті жалғастыру мүмкіндіктерін
қарастырады. Нәсілдік және этностық қаты- настар тұрғысынан
ассимиляция процесіне баса назар аударылады. Құрылымдық-функциялық
теорияшылар әртүрлі этностық және нә- сілдік топтардың америкалық
мәдениетке сіңуін (ассимиляция) және кейбір топтардың сіңуіне тосқауыл
болтан (мысалы, әділетсіз заңдар) себептерді зерттейді.
Нәсілдік теңсіздік - Америкаға ғана тән мәселе емес. Азшылық топтарына тең қүқықтар
мен мүмкіндіктерді беруден бас тартатын басқа елдер де бар. Дарфурдағы геноцид -
соның мысалы (Hagan & Rymond-Richmond, 2008). Дарфурда үлтаралық қақтыгыс- гарды
тудыратын саяси процесс осы бірегейлігімен ерекшеленуі мүмкін Дарфурдағы үлтаралық
қақтығыстар ды туындатқан саяси процесс сол ко там үшін қалыпты жағдай болғанымен,
үлтаралық қақтығыстар зардабынан экономикалық процестер өзгеріске үшырайтынын
тарихтан білеміз. Экономикалық ресурстарға қауіп төнген жагдайда және экономиканы
жаулап алу көзделгенде улт немесе этностар арасында қарулы қақтығыстар шығады.
Дарфур - Африканың ең үлкен елі. Жалпы алғанда, 2 миллионнан астам судан түрғыны
қаза тапты, 4 миллион адам баспанасынан айрыл- ды (АҚІІІ Мемлекеттік департаменті.
2011). 2010 жылдың ақпан айында екі тарап ресми түрде қақтығыстан бас тартты. Ал 2011
жылы шілде айында Оңтүстік Судан тәуелсіздігін жария- лады. Бірақ Жанжаид пен
Суданның әскерлері шабуылдарын жалғастырып отыр (Human Rights Watch, 2011).
Достарыңызбен бөлісу: