Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


КІРІСПЕ Вирусология биология ғылымдарының негізгі бір бөлігі



бет2/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

КІРІСПЕ
Вирусология биология ғылымдарының негізгі бір бөлігі.

Вирусология ғылымының дамуына бактерия, өсімдіктер және жануарлар дүниесінің вирустарын зерттеу көп әсер етті. XIX ғасырдың аяғында кейбір жұқпалы аурулардың қоздырушылары микроорганизмдер екені белгілі болды, ал тіпті қайсібір аурулардың қоздырушылары микробтар да емес екені анықталды. Сонда ол аурулардың қоздырушылары не?- деген сұраққа ғалымдар жауап іздеді. 1892ж. Темекі өсімдігінің ауруын таратушылары өте ұсақ агент екені белгілі болды, одан кейінірек 1898ж. Неміс ғалымдары Фрош және Леффлер ірі қараның аусыл ауруын таратушы агенттің бактерияны ұстайтын сүзгіден өтіп кететінін дәлелдеді.1915ж. Туорт, 1917ж. Д Эррель бактерияларды да ауыртатын өте ұсақ агенттер бар екенін дәлелдеп, оларды бактериофаг деп атады. «Вирус» деген сөз латын тіліндегі «у» деген ұғымнан алынған. Вирустар адамдардың, жануарлар дүниесінің, өсімдіктердің ауруын таратады. Вирустар өте кең тараған. Олар аса қауіпті, дүниедегі барлық дерлік тірі жанның жауы. Вирустарды ең алғаш рет 1892жылы Д.И. Ивановский ашты. Ол қзінің студент кезінде Украина мен Беларуссия жерінде темекі өсімдіктерінің ауруын зерттеумен шұғылданды. Себебі ол аурудың зардабы өте үлкен шығын әкелетін. Д.И. Ивановский ауруға ұшыраған темекі өсімдігінің жапырақтарын ұнтақтап, оның сөлін сау жапырақтарға жаққан кезде, сау жапырақтар да ауруға ұщырады. Осы ауру жапырақтардың сөлін сүзгіден өткізіп, ауру қоздыратын нәрсенің бактериядан ұсақ екенін дәлелдеді. Ең негізгісі - осы сөлдің ауру қоздыратын қасиеті анықталды. Р.Кох пен Л.Пастердің аттары микробиология үшін қаншалықты зор болса, Д.И. Ивановскийдің аты вирусология үшін сонша зор болып есептеледі. Д.И. Ивановский бұл вирусты микросеоп арқылы көруге болмайтынын және жасанды қоректік орталарда өспейтінін мәлімдеді. Вирус дегеніміз клеткасы жоқ, өзіне тән геномы бар және жоғары сатыдағы организм клеткаларының ішінде ғана тіршілік етіп, көбейе алатын арамтамақтар. Вирустардың тек клеткада ғана өсетін, көбейетін себебі - олардың құрамы өте қарапайым- нуклеин қышқылы, белок, қант және май, кейбіреуінде ғана ферменттер болады. Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын пайдалануға мәжбүр болады, яғни рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер энергия тудыратын жүйелер.

Осы кезеңдегі жаңалықтар:

- Көптеген вирустар, бактериялардың молекулярлық құрылысы және молекулярлық-генетика ұйымдастыруы, приондардың ашылуы;

- Көптеген антигендердің химиялық құрылысы және синтезі (лизоцим, СПИД вирусының пептидтері);

- Ісіктердің антигенді ашылуда (Зильбер);

- Иммуноглобулиндер құрылысы (Эдельман, Портер);

- Жануарлар және өсімдік клеткалар өсіп-өндіру әдістері ашылды және оларды өндіру өнеркәсіпте қолдану;

- Рекомбинантты бактериялар және рекомбинантты вирустарды өндеу;

- Вирустар және бактериялардың керекті гендерің синтездеу;

- Иммунды В-лимфоциттер гибридомын алу - клеткалық инженерия нәтижесінде моноклоналдық антиденелер синтездей (Келлер, Милстайн);

- Иммуномодуляторларды ашу - интерлейкинфер, интерферон, ісік некрозы факторы ж.т.б., оларды көптеген аурулардың емі мен алдын алуға қолдану;

- Жаңа молекулярлы, рекомбинантты, субъединицалық вакциналар алу (гепатит В қарсы вакцина, басқа вирустық инфекцияларға қарсы вакциналар);

- Вакцина эффективтілігін артатын химиялық вакцина, адъюванттар, липосомалар өндеу;

- Туа және жүре пайда болған иммунодефициттерді, иммуно-терапияны зерттеу. Иммунитет тапшылы синдромын (СПИД) қоздыратын вирустарды ашу.

- Инфекциялық аурулар диагностикасында жаңа әдістер ашу (иммунологиялық - ИФА, иммуноблотинг; молекулярлы-генетикалық - полимеразды тізбекті реакция, молекулярлық гибридизация ж.т.б.);

- Осы анализдерді және басқа да экспресс-диагностика жүргізетін тест-системалар табу.

Осы жылдары жаңа қоздырғыштар ашылуда - жылына 2-3 түрі (Лассо, Мачупо гемморагиялық қызба қоздырғышы, иммунитет тапшылығы вирусы (Люк Монтанье), астровирустар, легионеллдер - легионерлер ауруы қоздырғышы ж.б






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет