Ф-мк-003/048 «Тұлғаның психологиялық денсаулығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет14/83
Дата23.05.2020
өлшемі186,17 Kb.
#70868
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83
Байланысты:
ТПД экзамен

Зейінің функциялары:

  • 1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;

  • 2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;

  • 3) белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.




  1. Қабілет ұғымына анықтама беріңіз.

Қабілет - тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі.

Бірнеше түрлері бар ( шығармашылық,танымдық , педагогикалық , зерттеушілік т.б )



  1. Ойлау ұғымына анықтама беріңіз.

Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдаупроцестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет