Тәжірибе аяқталғаннан кейін тыңдаушы тәжірибе нәтижелері туралы жазбаша акт жасайды. Есеп жеке құрастырылады. Тәжірибе аяқталғаннан кейін білім алушының есебін дайындауға 2-3 күн беріледі.
Есепте білім алушының тәжірибе кезеңінде орындаған нақты жұмысы туралы мәліметтер, атап айтқанда, тәжірибенің қысқаша сипаттамасы және оның қызметін ұйымдастыру, қорытындылар мен ұсыныстар болуы керек.
Есеп нәтижесiнiң мазмұны қосады: Кәсіптік тәжірибе күнделігі (Ф УЕ 103-04-2022);
Білім алушылардың кәсіптік тәжірибе бойынша есебі (Ф УЕ 103-08-2022):
Титулдық бет.
Мазмұны.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi.
Қосымшалар.
Есепті безендіру Times New Roman, 12 шрифтімен, 1 интервалымен, 10 бетті құрауы тиіс. Есептің парақтары нөмірленеді (титул парағын және есепке қосымшаларды қоспағанда).
Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды – жаңа беттен басталып жазылады. 1 оқушыға, 1 сыныпқа мінездеме 1-2 бет болса жарайды. Барлық пайдаланған материалдар папкаға салынады. Папкада құжаттарды орналастыру реті: Мінездеме (мектептен сізге берілген, директордың және жетекшінің қолы, печать болу керек)
Күнделік (2-ші бетінде директордың қолы және печать)
Есеп
Ашық тәрбие сағатының жоспары (бекітілген) және материалдары