ҚАЗАҚСТАН – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫҢ ҮЛГІСІ
Тұран Каргар (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к.,аға оқытушы Тастемирова Г.А.
Қазақстан – Орталық Азиядағы экономикалық жағдайы жоғары мемлекет. Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Халықтың негізгі бөлімін қазақтар құрайды. Қазақстан 1992 жылдың наурызынан бастап Бірікен Ұлттар Ұйымына мүше. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына және Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа және бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді. Қазақстан аумағы бес мемлекетпен: Ресеймен,Қытаймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Түркменстанмен шектеседі. Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірініші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді.
Егемендіктің маңызды белгісі — онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган — Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар-министрліктер, мемлекеттік комитеттер, коммиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар – облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері зандарда және арнаулы ережелерде анықталады [23].
Егенмендіктің маңызды белгісі – өз азаматтығының болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, Президенттің заң күші бар Жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық – адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы. Мүндай байланыстан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндеттері келіп туады. Мемлекет, оның органдары азаматтарға ол құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдай жасауы керек. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылган болса, лауазым иелері, заң қорғайтын органдар кінәлілерді тиісті жауапқа тартады. Азаматтың міндеттері – Конституцияны, зандарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық ұлттардың тілдерін, әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің экономикалық қуатын күшейту.
Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі – басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Көптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Сонымен қатар олармен саяси, экономикалық, мәдени, т.б. мәселелер бойынша халықаралық шарттар жасасты. Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентке, Парламентке және Үкіметке қажетті өкілеттіктер берді. Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек, қазақ ұлты осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос болғандықтан, мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және занды жағдай. Қазақ тілі – бірден-бір мемлекеттік тіл. Басқа ұлттардың тілдерін кемсітуге жол берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін – өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады. Қазақстан мемлекеті өз алдына дербес даму мақсатында, алдымен елде болып жатқан мәселелерге назар аударып, соларды қалпына келтіру жолы арқылы ол болашаққа батыл және нақ қадам жасайды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы ішінде тыныштығын, бейбіт тіршілігін сақтап келе жатқан бірден-бір ел. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері жиырма бес жыл. Тарих ауқымын алғанда бұл уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын.
Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық қүқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105-імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және Үкіметаралық 800-ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды. Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылым мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыратын қабілетті біртұтас мемлекеттік билік қалыптасты. Қазақстан Республикасы азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көз-қарасына сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез-келген түріне тыйым салған.
Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңі, болашағы, қазақ ұлтының өркениетті әлемге тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан жылға күшейіп, өткен кезеңде жақсы көрініс тапты. Мемлекеттің өркендеуі, дамуы, гүлденуі болашақ білімді жастарды қажет етеді, жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар олар мемлекетіміздің көш бастаушысы, ілгерілетушісі болып қалыптасуы керек. Міне, сонда ғана Тәуелсіз Қазақстан асқақ арманы мен мүратына жетері анық. Өркениетті елдерде тәжірибе алмасу, шетелдерде білім алу, оны жетілдіру мемлекетіміздің дамуының тетігі. Көп үлтты тәуелсіз мемлекеттілікті нығайту – бүгінгі сала бағытымыз, ашық та айқын мақсатымыз, саясатымыз, мүның өзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сөз емес. Көп үлтты Қазақстан Қазақтың тарихи, ежелгі топырағында шаңырақ көтеріп отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан, ол қазақтардың ұлттық, түбегейлі мүдделерін қорғауға, қастерлеуге міндетті. Осы қажеттіліктің өзі оны XX ғасырдың соңында дүниеге қайта оралып, өмірге әкеліп отырғаны белгілі. Көптеген басқа елдерге қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін азаматтық тыныштық, ұлтаралық тұрақтылық және рухани келісім уақыты болды.
Қазақстан – бұл тиімді мемлекет құрудың жақсы үлгісі. Бұл туралы Астанада өткен «Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуы: Тәуелсіздіктің 20 жылдығы және жаңа міндеттер» атты экономикалық форм кезінде Ресей Жинақ банкісінің басқарма төрағасы Герман Греф мәлім етті. «Әріптестерімді Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтағым келеді. Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері – бұл тиімді мемлекет құрудың айтарлықтай үлгісі. Ұлттық егемендік негізінде ел болашағын өркендетудің ең бір сара саясаты дұрыс жүргізілді», – деп атап көрсетті Г.Греф. Оның айтуынша, ТМД кеңестігінде Қазақстан барлық мемлекеттер үшін түбегейлі үлгі.Қорыта айтқанда, Қазақстан тиімді мемлекет құрудың үлгісі екенін мойындауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |