«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет38/150
Дата20.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#192083
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   150
Байланысты:
Дәрістер

Ғылыми әдіснамадағы дерек – шындық болмыстағы оқиғалар мен құбылыстар туралы эмпирикалық білімдерді тіркеуші сөйлемдер. Ғылым танушылардың пайымдауынша, ғылымдағы дерктерді бөліп алу, іріктеу мен тексеру міндетті түрде эмпирикалық танымдық әрекеттермен, яғни бақылау, өлшеу мен сынақтан өткізу әдістерімен байланысты, сондай-ақ ғылыми білімдердің қандай да бір жүйесімен байланысты. Зерттеушілер ғылымда деректі бөліп алуға, қолдануға тексеруге негіз болатын бірқатар өлшемдерді атап көрсетеді:
- белгілі бір жағдайда деректі пайымдауға болады;
- әртүрлі тәсілдермен деректі тексеруге болады;
-деректі одан әрі зерттеу, танымның жаңа құралдары еңбек құралдарын жасау үшін іс жүзінде қолдану мүмкіндігі;
-ғылымда дерек идеалдандырудың ерекше түрі болып табылады.
Ол алғашқыда эмпирикалық зерттеуге лайық тар салада белгілі болады. Содан соң, соған ұқсас барлық қасиеттер, сипаттамалар мен құбылыстарды белгілі жағдайда дерек ретінде қарау ұсынылады. Ғалымдар деректер мен болжамдарды байланыста қарастырады. Олардың пікірінше, ғылымда болжам жасау ғылымға белгілі заңдар мен теориялардың көмегімен түсіндіруге келмейтін жаңа деректер пайда болғанда іске асырылады. Ғылымда жаңа деректер пайда болса, ғалымдар ең алдымен белгілі ғылыми білімдермен сәйкестендіруге тырысады. Сөйтіп, жаңа деректер ғана емес, соған қатысты білімдер жүйесі де тексеріліп нақтыланады. Ғалымдар көбінесе басқа жағдайдың орын алатынын жоққа шығармайды: жан-жақты зерттеуден кейін жаңа деректердің басқа салаға қатыстылығы мен басқа табиғи қырлары ашылады. Оны түсіндірудің басқа әдістерін іздеуге тура келеді. Осындай ізденістің басты құралы болжам болып табылады.
Дерек педагогикалық теорияның да өзегі болып табылатыны жалпыға белгілі. Соңғы уақытта ғалымдар құрылымында педагогикалық дерекнама ілімі (фактология) маңызды орын алатын педагогикалық жүйетану ілімінің мазмұнын айқындап, белгілеуде. Олардың анықтауынша, педагогикалық дерекнама ілімі эмпирикалық деректерді сипаттау мен талдау туралы, нақты педагогикалық әрекеттің адамға, оның мінез-құлқына, қарым-қатынасына, құндылық бағдарларына ықпалы туралы білім жүйесі.
Кез-келген ғылыми зерттеу деректі жинау, жүйелеу мен талдап қорытудан басталады. Ғылыми деректі ғалымдар эмпирикалық және теориялық танымның өзара қатынасы аясында қарастырады. Ғылым әдіснамасында ғылыми таным дегеніміз – үдеріс, яғни екі негізгі деңгейден – эмпирикалық және танымдық деңгейден тұратын дамушы білімдер жүйесі.. Эмпирикалыққа тән басты белгілер – деректер жинау, оларды алғашқы жүйелеу, бақыланған және сынақтан өткен мәліметтерді сипаттау, оларды жіктеу және басқа да деректерді тіркеу әрекеті. Эмпирикалық зерттеу тікелей нысанға бағытталады, деректерді салыстыру, өлшеу, сынақтан өткізу, талдау, байқау әдістері мен құралдарының көмегімен меңгереді, ал олардың ең маңызды элементі дерек болып табылады.
Теориялық білім – белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Тар мағынасында алғанда, теория педагогикалық іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы.
Ғылым дамуының ұзақ тарихында оның құрал-сайманы байытылды, ал ғылыми әдіс ғылыми теориядан, оны қолданудан бөлек қарастырылмайтын болды. Ғылыми теория ғылыми әдістің міндетті құрамдас бөлігіне айналды. Ғылыми теориясыз ешбір ғалым қазіргі уақытта гылыми әдісті көз алдына елестете алмайды. Жақсы құрылымданған теория – шынайы болмысты танудың нағыз мәні. Сондықтан да, ғылыми теория ғылыми әдістің мәнді бөлігі, демек ғылыми әдіс – әрекеттенуші теория.
Ғылыми білімнің басты құрамдас бөлігі – теория. Әрине, ғылыми білім – шынайылықты тәжірибелік танудың мәліметтері, зерттеу барысында алынған фактілер, анықталған эмпирикалық заңдылықтар. Бұның бәріне ғылыми білімнің құрамдас бөліктері ретінде теория тұтастық қасиетін қалыптастырады. Ғылыми теория зерделенетін шынайы болмысқа тән заңдылықтар мен мәнді байланыстар туралы түсінік беретін білім болып табылады. Нақты ғылымның пәндік алаңын құрайтын танылатын феномендер туралы түрлі мәліметтердің жинақталуынан бұрын теорияның пайда болуы мүмкін емес. Көптеген ғасырлар бойы механикалық құбылыстар физиктердің назарында болды. Бірақ тек жаңа заманда ғана механиканың заңдары тұжырымдалды. Олар зерттелетін құбылыстардың сипаттамаларын жүйеледі. Сипаттамалық теориялардың орнына түсіндірмелі теориялар өмірге келді, яғни бұл теориялар түрлі сипаттамаларды жүйелеп қана қоймай, зерделенетін құбылыстарды түсіндіреді. Мұндай теориялар ғылымның дамып жетілген деңгейін көрсетеді де, ғылыми пәнде түсіндірмелі теориялар өз орнын табады. Түсіндірмелі теориялар болжамдық–дедуктивтік негізде құрастырылады. Бұл теориялардың негізі ретінде іргелі ұстанымдар (заңдар, постулаттар) зерделенетін саладағы мәнді байланыстар мен қатынастарды көрсетеді.
Көп уақыттан бері білімді дедуктивтік, аксиоматикалық негізде құру ғылыми танымға тән деп есептелінді. Бүкіл түсіндірмелі теориялар осы бағытта дамуда. Қазір бұл нұсқау болжамдық сипатта. Сондықтан, түсіндірмелі теорияларды болжамдық-дедуктивтік деп те атайды. Қазіргі түсіндірмелі теория болжамнан бастау алып, дедуктивті жүйе ретінде құрылады.Теориялық базалық қағидалардың идеалды нысандарға тікелей қатысы бар, ал шынайылықтағы болмысқа, құбылысқа, затқа қатысы жоқ. Педагогикада ондай нысандарға «білім беру үдерісі», «оқу әрекеті субъектісі», «оқытушы», «оқушы» және т.б. жатады. Педагогикада идеалды нысанар шынайы болмыста жоқ нәрсе.
Идеалды нысандар – ой нәтижесі, қиялдағы құрылым. Бұл нысандар білім берудегі түрлі нақты құбылыстар туралы ойластыру үшін қажет. Идеалды нысандар ойлаумен құрастырылады. Бұл теориялық нысандарды математикалық тұрғыда сипаттауға да болады. Теория идеалды нысандармен жасалынатындығына қарамастан шынайы болмыспен де салыстырыла алады.
Теория білімдерді жүйелеу үшін де қажет. Зерделенетін нысанның болашағын болжау үшін де теория қажет. Теориясыз түсіну жоқ, сондықтан да түсіну – теорияның стратегиялық миссиясы. Мұндай түсіндірулер ХІХ ғасырда кеңінен тараған номологиялық ғылыми түсіндіруге ұқсас. Осындай модель негізіне пайымдаудың әмбебап үлгісі жатады.Ұтымды түсіндірудің мәні мынада. Айталық, тарихшы тарихи тұлғаның іс-әрекетін түсіндіру үшін тарих аясындағы субъектінің басшылыққа алған түрткі-себептерін ашып көрсетеді. Ғылымның әдіснамашылары тиімді түсіндіру заңға негізделмегендіктен, одан бас тартуда. Егер түсіндіру тек заңға сүйенеді десек, ұтымды түсіндіру ғылымилық сипатынан айырылады.
Теорияның маңызды бір қызметі – болжамдау, түсіндіру үлгісі: жалпы тұжырымдаудан кейін феноменді болжайды. Болжамдау болашаққа бағдарланған. Педагогикада болжамдау маңызды роль атқарады. Білім беру әлемін ұйымдастыру оқушылардың, мұғалімдердің, басқарушылардың іс-әрекетін болжамдаусыз мүмкін емес. Педагогикада ғылыми педагогикалық алдын-ала болжау жүргізіледі. Білім берудегі алдын ала болжауда статистикалық өлшемдер пайдаланылады. Қазіргі педагогикада ғылыми болжау – логикалық-әдіснамалық рәсім. Білім берудегі құбылыстың қазіргі нақты көрсеткіштері негізінде осы құбылыстың келешегін анықтайды. Педагогикадағы түсіндіру мен болжау ұқсас, тек түсіндіру өткенге, болжау болашаққа бағдарланған.
Түсінудің жалпы теориясы – герменевтика дамуда. Түсіну – әмбебап рәсім. Сипаттау, түсіндіру және болжау ғылыми теорияның қызметтері. Түсіну дегеніміз құбылысты құндылық арқылы түсіндіру. Түсіндіру – бар нәрсені, ал болжам – не болатынын, түсіну – не болуы керек екенін білдіреді. Ғылымда, оның ішінде педагогикада түсіну ғылым зерттейтін нысандарға, құбылыс пен үдерістерге белгілі бір мән беру. Педагогикада түсіну гуманистік өлшем енгізді. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың жинақталған тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қорытындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының тетігі. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағытталады. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Философия – білімдердің даму сатыларының әдіснамасының негізі, уақыт өте келе қортындыланып, шығармашылықпен қайта құрылып, бұл күндері жалпы сипатқа ие болып отырған және ғылыми білімнің зерттелінетін саласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы ұйымдастыратын бастауға айналып отыр.
Таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне, ғылыми іс-әрекет пен зерттеу болжамдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді. Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы көкейкесті мәселеге айналып отыр. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың бір жақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи талдау жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмыстағы қарама-қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқатты ңәр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын дамытатын ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.
Ғылымның қазіргі әдіснамасы, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше құрамдардан тұрады:
-фактологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді;
-бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу нысанын суреттейтін алғашқы болжамдардан және теориялық тұжырымдардан тұрады;
-теорияның логикасы мен құрылымы;
-эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы;
-педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол зерттелетін нысан мен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Бұл ретте зерттелетін объектіні қарастыруды кез-келген педагогикалық теорияны, оның байланыстарын, заңдылықтарын, болжамдарын, анық білімдерге жету ұстанымдары мен тетіктерін қарастырудың қажетті шарты ретінде алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет