«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет35/150
Дата20.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#192083
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   150
Байланысты:
Дәрістер

Қолданбалы білім

Теорияны зерттеу пәні мен нысаны

Құбылысты табиғи тілмен және белгілі ұғымдармен сипаттау

Заңның формулалары

Ұғым анықтамасы

Эксперимент мақсаты

Нысанның қызметтік анықтамасы

Теорияның негіздемесі

Сандық және сапалық сипаттамаларды енгізу

Заңды символдық формада жазу

Анықтаманы символдық формада жазу

Зерттеу әдістемесі (өлшеу процедурасы)

Нысан жұмысы негізделген заң

Теорияның инструмента-риясы

Құбылысты жаңа ғылыми ұғыммен сипаттау

Заңды алу жолдары

Анықтама анализі (формулалар)

Өлшеу нәтижесі

Құрылғы сызбасы

Теорияны қолдану шекарасы

Құбылыстың заңдылық формуласы

Заңды қолдану шекарасы

Анықтаманы қолдану шекарасы

Нәтижелерді интерпре-тациялау

Жұмыс процессі

Теория салдары және оны тексеру

Құбылысты белгілі теория негізінде талқылау

Заңды қолдану

Өлшеу бірліктері

Қорытынды мен ұсыныстар

Объектілерді қолдану



Педагогикалық зерттеудің теориялық негізі туралы білім көптеген оқу құралдарының «Идея, жетекші ой және болжам зерттеудің теориялық ядросы» деген тармақшаларында беріліп жүр. Зерттеуші болашақтағы нәтижеге қол жеткізу үшін қандай жолмен жүру керек, ненің көмегімен жоспарланған нәтиже алынатынын тек болжам жасау арқылы пайымдай алады. Алдын ала жобалау мақсатында білім алушы әуелі өзінің санасында болжамды қалыптастырып алады. Логикалық тұрғыдан қолданыстағы теория түсіндіріп бере алмайтын ғылыми фактілерді талдаудан жетекші идеяға, одан кейін болжамға айналатын объектіні қайта жаңартып құруға қажет жаңа ой жүйесіне қарай ұмтылысты қозғалыс басталып, іске асырылады. Осыған орай ғылыми факт туралы мәселеге оралу керек болады. Бірақ, факт құбылыс емес. Факт дегеніміз – көптеген құбылыстардың және байланыстардың көрінісі. Демек, педагогикалық факт деп орта жағдайлары мен тұлға дамуы факторлары арасындағы белгіленген көп рет қайталанған және тіркелген байланыстарды атауға болады. Фактілердің жиналуына қарай іске асырылуының жетекші идеясы бар жаңа теорияға қажеттілік туындайды. Идеяның тууы және оның іске асуы болжам түріндегі теориялық ядроны құрайды. Бастапқы фактілерді талдап және бағалап алғаннан кейін нақты зерттеудің теориялық тұжырымдамасының негізгі қағидалары бөлініп көрсетіледі. Бұндай теориялық тұжырымдаманың негізіне барынша тексерілген, бірақ бұл зерттеуде тексерілмейтін қағидаттар алынады. Мысалы, «денсаулық мектебін» құру немесе реабилитациялық-балалық орталығын құру идеясы туралы сөз болғанда, ең жоғары адами құндылық ретіндегі денсаулық жайлы бастапқы қағидалар алынады.
Енді осы бастапқы қағиданы бірнеше рет «елегіштен» өткізіп, қағиданың келешекте керек, яғни өзімізге ұнайтын қалпын ойша елестетіп көру қажет. Осы әрекеттің шарттары, тетіктері, құралдары іздестіріледі. Мұнда, қайта жаңғыртып құру идеясы өмірге келеді. Сонымен, бастапқы ұстанымды жаңарту тізбегі былайша көрініс табады: бастапқы факт (объектінің өзекті жайы) – негізі теориялық қағидалар (тұжырымдамалық платформа) – идея – құралдар – ой – болжам (идеяны, ойдша жүзеге асыру) – жаңа қажет факт (объектінің қажет, ұнамды жай-күйі). Әрине, бұл сатылар баламалы, басқаша да құрылуы мүмкін. Зерттеуші үнемі теориялық және эмпирикалық талдауға қайта-қайта оралып отырады. Осының ішінде ең бастысы – болжам. Егер ол зерттелетін байланыстарды, олардың ішкі байланыстарын қамтыса, онда болжам теориялық сипатқа ие болады. Айталық, дидактикада және педагогикалық психологияда соңғы жылдары ұстанымдық деңгейде оқытудағы теориялық талдап қорытудың жетекші рөлі (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов), мектепте адами мәдениеттің барлық элементтерін меңгеру қажеттігі (И.Я. Лернер) туралы болжамдар жасалды.
Ал тәрбие теориясы мен әдістемесінде жаңа болжамдар жасау күрделірек. Бұл жерде бұрынғы болжамдардың жаңа негізде қайта жасалуы турасында айтуға болады. Мысалы, тәрбие жүйесі ретіндегі ұжым (Л.И. Новикова, В.А. Караковский және т.б.), жеке тұлға тәрбиесінің құралы ұжымдық шығармашылық әрекет (И.П. Иванов және т.б.), мектеп пен ортаның бірлігін талап ететін кең көлемді әлеуметтік тәрбие (Л.И. Новикова, В.Г. Бочарова және т.б.).
Сонымен, зерттеудің теориялық платформасының құрамына ұғымдық-терминологиялық жүйе, теориялар (зерттелетін мәселенің теориясы), тұжырымдамалар, ұстанымдар, тұғырлар және т.б. енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет