Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


 Өркениет тұрғысынан қарастырғанда Қазақстандық жолдың ерекшелігі



бет117/137
Дата13.12.2021
өлшемі335,4 Kb.
#125866
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   137
Байланысты:
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³, 1-stephenie-meyer-twilight, ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2, 510 млн км рлы ты ауданы – 149,1 млн км (29%)
35. Өркениет тұрғысынан қарастырғанда Қазақстандық жолдың ерекшелігі. 

 

Өркениет ұғымын алғаш ХVІІІ ғасырда француздық философтар «тағылық» сөзіне қарама-қайшы ұғым деген болатын. Әлбетте, өркениеттің тағылықпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Варварлық кезең он тоғызыншы ғасырдың қоғамтануында қалыптасып, эстетикалық үлгіні жоюға тырысты. Әсіре қатыгездік, мәдениетсіздікпен өмір сүрген елдердің өркениеті дамымайды. Аристотель, Сократ өмір сүрген антиктік мәдениет варварлықтың әсерінен құлдырап, формализм азайған болатын. Өркениеті мықты дамыған елдер жалқаулық, еліктеушілік және надандықтың салдарынан тағылыққа бейімделеді. Энгельс, Моргандардың кезеңі түсініксіз тілде сөйлейтін, қатігез қоғамға айналып, көзі ашық жазушы, музыканттардың ықпалымен мәдениетін қалпына келтірді. Демек, өркениет – тағылық емес! Өркениет – адамзаттың таңбалы тарихы, ән мен сәннің үйлесім табуы. | Өз дәуірінде Шпенглер: «Өркениет – бір нәрсенің аяқталуы, ол белгілі бір қалыптасудан соң ғана келеді», - дейді. Бұл тұрғыда ғалымның сөзіне қарсылық білдірген жөн. Себебі, Хантингтон жазғандай, «өркениет бірнеше ұлтты қамтиды» және ерекше рухани орта осы қасиетке түбегейлі ие бола алады. Мәселен, Италияның оңтүстігіндегі дворяндардың мәдениеті тап сол Италияның солтүстігіндегі ауыл-аймақтардың мәдениетімен тұтас та, өзгеше де бола алады. Демек, ол тұрғындардың ойына, қалауына байланысты. Адамдардың өздерін өздері теңестірудің де біршама деңгейі бар: сол Италиядағы Рим тұрғыны өзін белгілі бір дәрежеде римдікпін, католикпін, итальяндықпын, христианмын, еуропалықпын немесе батыс тұрғынмын деп сезіне алады. Алысқа бармай-ақ, өз елімізді мысалға алсақ. Қазақстандық азамат та өзін қалауынша Орта Азиялықпын, Шығыс қазақстандықпын, мұсылманмын, тәуелсіз тұлғамын, оппозиционермін, жеке тұлғамын деп түсіне алады. Яғни өркениеттің қалыптасуы адамзат баласының ой-өрісіне, өзіндік пайым-түсінігіне тікелей байланысты. Тарихтың жалпы барысында өркениеттер тірі жанды еліктеуге, жеке басын идентификациялық теңестірудің ең жоғарғы деңгейімен қамтамасыз етуге итермелейді. Еліктеудің өзі өркениет, ал бұл мәдениеттер қақтығысын туғызады. Хантингтонның еңбегінен ұққанымыздай, өркениет – мәдениеттің жоғары сатысы. Бұған біз аталған ұғым бір емес, бірнеше ұлтты бір арнаға тоғыстыратын ерекше рухани орта дер едік. Мәдениеті әлсіз мемлекет өркениетін жоғалтады, өзгеге «жем» болады. Бір топ жастан «сіз өз тіліңіздегі әндерді тыңдайсыз ба?» немесе «отандық киноларды қарайсыз ба?» деп сұрасаңыз, топтың ширегінің жартысы ғана бас изер еді. Себебі, заман жаңарған сайын, жастар санасы да шетелдік өнімге құштар. Ал бұл – ойланатын жағдай. Тағылық кезеңге сылдыр ақпарат, өзгеге еліктеу және мәнсіз сөз арқылы жету жеңіл. Ал тағылықтан сақтайтын бірден-бірі «дәрумен» – ертеден қалыптасқан өркениет. |



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет