Философский и общественно гуманитарный журнал


Руханилық – шығармашылықтың өлшемі



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата13.12.2021
өлшемі383,57 Kb.
#125191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
annotation128786

Руханилық – шығармашылықтың өлшемі

Біз  адамның  бойындағы  негізгі  шығармашылыққа  деген  бейімділік 

қалыптасуы  адамдық  дамудың  ерте  кезеңіндегі  адамдардың  болмыс 

ерекшелігіне байланысты және түрдің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз 

ететін  олардың  өмірлік  іс-әрекетінің  қалыптасқан  сапасы  болған  де-

ген  көзқарасқа  қосыламыз.  Шығармашылықтың  әлеуметтік  қызметі 

адамдардың  қауымдастықтағы  қатынасын,  адамның  өзін-өзі  сақтаудан 

туған  қажеттілік.  Бұл  мағынада  шығармашылық  адамның  эволюциялық 

даму шарты болып табылады. Әрине, жалғыз сол ғана шарт емес. Сонымен 

қатар,  адамның  руханилығынан  да  туған  шарт.  Өйткені  адам  тек  зерделі 

ғана емес, сонымен қатар рухани да жан. Адамның зерделілігі үлкен мәнге 

ие болады. Түрдің өзі зерделі адам ретінде анықталады. Бұл тұжырымды 

жоққа шығармаймыз, бірақ зерделілік адамның эволюциялық дамуындағы 

жалғыз  белгі  емес.  Қазіргі  кездегі  зерттеулер  адамның  руханилық,  сенім 

сияқты қасиеттерін негізге алады. 

Бүгінде жаһандану процесі, оның либералды түсіндірмесі, мәдениеттер 

мен  технологиялардың  бірыңғайлылығын  уағыздай  отырып,  философ 

В.В.Розанов айтқандай, аман қалу мен дамудың түрлі формалары мен тех-

нологияларын өзіне жинақтаушы мәдениеттердің «гүлденген күрделілігін» 

сақтауға  қарсы  шығады.  Бұл  технологиялар  дәл  бүгінде  қажет  болмауы 

мүмкін, бірақ биотүрліліктің болашақта күтпеген жерден үлкен маңызға ие 

болу мүмкіндігі бар.

Шығармашылық  мәселесі  философтар  ғана  емес,  ғалымдардың 

да  қызығушылығын  тудырып  келеді.  Әлемнің  физикалық  суреттемесі 

креативтілік  принципін  материяның  өзіндік  дамуы  процесінде  де  көреді. 

Ал  социум  инновациялықты  тиімді  әлеуметтік  іс-әрекеттің  негізгі 

көрсеткіші ретінде алға тартады. Гуманитарлық ғылымдар жеке тұлғаның 

шығармашылық потенциалының дамуын, оны қалыптастыру мәселелерін 

зерттейді.  Қазіргі  күні  шығармашылық  мәселесін  дүниетаным,  рухани-

ят  аясында  зерттеудің  маңызы  артып  келеді,  өйткені  адамның  Әлемге 

қатынасынсыз,  оның  құндылықтық  бағдарларынсыз  шығармашылықты 

толық қамту, зерттеу мүмкін емес.

Жаһандану  процесі  адам  өмірінің  барлық  салаларына  ықпал  етіп, 

құндылықтық  бағдарларының  өзгеруіне  әкелді.  Бұл  процестердің  арғы 




72     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет